«Спорт 59» командасы «А» лигасындағы орнын сақтап қалды

0
455
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Келесі маусымда BAQ league біріншілігінің «А» лигасына қатысатын барлық командалар белгілі болды. Кеше електік кездесуде «Спорт 59» командасы «Qazaqstan» ұлттық арнасын ұтты.

BAQ league Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, келесі маусымда «А» лигасында 8 команда бақ сынайды. Осыған байланысты «А» лигасында соңғы орын алған «Спорт 59» командасы «В» лигасының үшінші орын иегерімен кездеседі деген шешім шыққан.

«Qazaqstan TV» матчты қарқынды бастағанымен «Спорт 59» жігіттері жылдам гол соғып алды да, қарсыластарының еңсесін басып тастады. Рас, ұлттық арна ойыншылары таразы басын теңестіргенімен сол күйі ес жинай алған жоқ. Оның үстіне, қосалқы құрамда ешкім болмай, ойынды күшейтетін вариант жетіспеді. Нәтижесінде үзіліске дейін 3:1 есебімен алға шығып алған «Спорт 59» екінші таймда тағы үш гол соқты. Қорытынды есеп – 6:1, Бек Төлеудің командасы «А» лигасына әбден лайық екендіктерін дәлелдеді.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here