«Хабар» – BAQ league-ның төрт дүркін чемпионы

0
110
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бүгін елордамыздың «Тарлан-Арена» спорт кешенінде BAQ league дәстүрлі додасының кезекті біріншілігі мәресіне жетті. Бас жүлденің тағдыры соңғы турда шешіліп, «Хабар» агенттігінің командасы төрт дүркін чемпион атанды.

Соңғы турда «Хабар» мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ЦАИ МИК РК командасы кездескен. Чемпион атану үшін «Хабарға» тең есеп те жеткілікті болатын. Егер жеңіліп қалған жағдайда бас жүлденің тағдыры аталмыш командалар арасындағы «Алтын матчта» сарапқа салынатын еді. Сондықтан, алғашқылары негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, ЦАИ жігіттері барынша алға атойлады. Нәтижесінде 5-ші минутта-ақ Жәнібек Базылбеков командасын алға шығарған. Қуаныштары ұзаққа созылмады. Үзіліске дейін таразы басын теңестіріп кеткен «хабарлықтар» екінші таймда есепте алға шықты. Дубль авторы – Нұрсұлтан Қабылбек. Бұл кездесудің 26-шы минуты болатын. Алма-кезек шабуылдардың нәтижесінде Абдулла Төкенов пен Дияз Сәрсенов бір-бір голдан соғып, ЦАИ командасын алға шығарған. Осымен ойын да тәмамдалуға шақ қалған еді. Алайда, матчтың аяқталуына екі минут қалғанда Бимухамед Букеев айып соққысын тамаша орындап, есепті теңестіріп кетті. Қалған уақытта командалар ештеңе істей алған жоқ. Қорытынды есеп – 3:3, чемпиондықтан үмітті болған ЦАИ МИК РК бірден 3-ші орынға түсіп кетті.

Ал екінші орында «Егемен Қазақстан». Асқар Хамиден покер жасап, Төлеубек Қадырмоллар дубль авторы атанған кездесуде «егемендіктер» 7:3 есебімен «Асыл арнаны» тізе бүктірді.

Сондай-ақ, «А» лигасының тағы бір матчында «Спорт 59» командасы «Қазмедианы 4:2 есебімен ұтып, маусым аяқталғанда өзіндік ерлік жасады. Бір қызығы, BAQ league тарихында «Қазмедиа» әлі күнге Бек Төлеудің командасын ұта алмай келеді. Бірінші айналымдағы кездесуде де «Спорт 59» басым түскен. Енді олар ертең «В» лигасында 3-ші орын алған «Qazaqstan TV» командасымен кездесіп, електік ойында «А» лигасындағы орнын сақтап қалуға тырысады.

«А» лигасының қорытынды кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here