Үш ойыншы бірнеше матчтан аластатылды

0
415
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Астана футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, «А» лигасының 9-шы тур және «В» лигасының 12-ші тур ойындарындағы мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады.

А лигасы

Асыл арна – Қазмедиа

BAQ league Регламентіне сәйкес, матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Асыл арна» командасына 7 АЕК (16 835 тг) көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2018 жылдың 3 қазанына дейін төленуі тиіс.

Шешім 2018 жылдың 22 қырүкүйегінен бастап күшіне енеді.

«Хабар» – «Егемен Қазақстан»

Астана футбол федерациясы Тәртіптік Регламентке сәйкес, қарсыластар тарапына бейәдеп ишара жасағаны үшін «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Еркебұлан Жомарт (№94) BAQ league аясындағы алдағы 7 (жеті) матчтан аластатылып, 10 АЕК (24 050 тг) көлемінде айыппұл салынды. Жеті матчтың төртеуі іс жүзінде өтеліп, үшеуінде шартты түрде жазасын өтейді. Айыппұл 2018 жылдың 3 қазанына дейін төленуі тиіс.

Шешім 2018 жылдың 22 қырүкүйегінен бастап күшіне енеді.

В лигасы

Еуразия+ОРТ – Qazaqstan TV

Астана футбол федерациясы Тәртіптік Регламентке сәйкес, матч кезінде бір-біріне өзара физикалық күш қолданғаны үшін «Qazaqstan TV» командасының ойыншылары Саламат Бейсе (№11) мен Мирас Жақыпов (№6) BAQ league аяясындағы алдағы 5 (бес) матчтан аластатылып, екеуіне де 4 АЕК (9 620 тг) көлемінде айыппұл салынды. Бес матчтың төртеуі іс жүзінде өтеліп, біреуінде ойыншылар жазаларын шартты түрде өтейді. Айыппұл 2018 жылдың 3 қазанына дейін төленуі тиіс.

Шешім 2018 жылдың 22 қырүкүйегінен бастап күшіне енеді.

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here