BAQ league Ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтіп, төртінші маусымның соңғы ойын күніне байланысты бірқатар мәселелер талқыланды.
23 қыркүйек күні финалдық матчтан кейін бірден марапаттау рәсімі болатындықтан Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, ойын күні сағат 13:00-де «Спорт 59» және «В» лигасының 3-ші орын иегері арасындағы кездесумен басталатын болып шешілді. Айта кетейік, «А» лигасындағы орнын сақтап қалу үшін «Спорт 59» командасына «В» лигасында 3-орын алған команданы жеңу қажет. Олардың қарсыластары «Хабар 24», «Qazaqstan TV» және «ҚМДБ Баспасөз қызметі» командаларының бірі болуы мүмкін.
Сонымен қатар, «Алтын ойын» болған жағдайда Марапаттау рәсімі сағат 17:30-да басталады. Ал «Алтын ойын» «А» лигасының 10-турында ЦАИ МИК РК командасы «Хабарды» жеңген жағдайда, аталмыш командалар арасында болады.