Чемпиондықтың тағдыры соңғы турда шешіле ме, әлде «Алтын матч» көреміз бе?

0
300
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

BAQ league тарихында биыл тұңғыш рет «Алтын матч» көруіміз мүмкін. 9-шы турдың орталық кездесуінде «Егемен Қазақстаннан» жеңіліп қалған «Хабарды» соңғы турда басты бәсекелесі ЦАИ МИК РК қуып жетуі әбден мүмкін. Мұндай жағдайда чемпион қосымша ойынның қорытындысы бойынша анықталады.

Лас-Вегастағы Головкин – Канело жекпе-жегінен бөлек, «Big drama show»-ды бізге елордамыздың «Тарлан-Арена» стадионында «Хабар» мен «Егемен Қазақстан» командалары тарту етті. Өте тартысты өткен кездесуде есепті 10-шы минутта Азамат Жандарбеков ашты. Бірінші тайм осылай «егемендіктердің» пайдасына 1:0 есебімен аяқталған. Екінші таймды да еліміздің бас газетінің қызметкерлері тамаша бастап, қарсыластарының барлық жорықтарына қарымта шабуылдармен жауап қатып жатты. Алайда, ақырындап ойын тізгінін өз қолдарына алған «хабарлықтар» да қарқындарын күшейте бастаған еді. Әсіресе, шабуыл шебіндегі Нұрсұлтан Қабылбек «Егемен Қазақстан» қақпашысы Берік Шәпетовке тыным берген жоқ. Сөйтіп жүріп 26 және 28-ші минуттарда дубль жасап кетті. Сәл есеңгіреп қалған газет қызметкерлерін Сапарғали Қанаттың голы оятты. Бұл кездесудің 35-ші минуты еді. Келесі шабуылда-ақ Асқар Хамиден таразы басын теңестірсе, араға тағы бір минут салып айып соққысын тамаша орындаған Еркебұлан Жомар таблодағы көрсеткішті 4:3-ке жеткізді. Дегенмен, тыныш жүрмейтін қызуқандылығы бар Еркебұлан қарсылас тарапына қолымен бейәдеп әрекетін көрсетіп, алаңнан қуылып тынды. Шыны керек, бұл кезде көз алдымызға аталмыш командалардың бірінші айналымдағы ойыны келген еді. Ол кезде де «Егемен Қазақстан» 3:2 есебімен ұтып тұрып, Ғабит Тұрсынбаев алаңнан қуылды да, «хабарлықтарға» таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойған. Бұл жолы да сол сценарий қайталануы мүмкін бе еді, алайда Ғабиттің өзі іске кірісіп, соңғы минутта «Хабардың» қақпасына бесінші голды соғып кетті. Қорытынды есеп – 5:3, енді «Хабарға» чемпион болу үшін соңғы турда ЦАИ МИК РК командасының қарқынына төтеп беру қажет.

Өз кезегінде ЦАИ МИК РК «Спорт 59» командасымен кездесіп, қарсыластарының қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Абылай Тұрлыбеков пен Дияз Сәрсенов дубль авторы атанса, тағы бір тура соққыны өз еншісіне Әділет Құсайынов жазды.

Ал өткен маусымның қола жүлдегері «Қазмедиа» күтпеген жерден «Асыл арнадан» ұтылып қалды. ҚМО сапынан Құмарбек Азат екі гол соққанымен «Асыл арнада» дубль жасайтын бір емес, екі ойыншы табылып, Ерқанат Ілиясов пен Нұрболат Ғаниев өз командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 4:2, «Асыл арнада» 4-ші орынға көтерілетін де мүмкіндік бар.

«А» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here