Elorda aqparat-қа енді ешкім кедергі бола алмай ма?

0
194
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бүгін «В» лигасының 12-ші тур ойындары өтіп, орталық кездесуде Elorda aqparat командасы «Хабар 24» журналистерін 2:0 есебімен ойсырата жеңді. Енді біріншілік жеңімпазы атану үшін Қайсар Жұмабайұлының жігіттеріне қалған екі ойында бір ұпай алса жеткілікті.

Бұл турдың ғана емес, маусымның да орталық кездесуі еді. Өйткені, соңғы кездері «Хабар 24»-те жақсы қарқын алған. Оның үстіне, егер жеңіске жеткенде, онда бір «елордалықтарға» бір елі жақындайтын еді. Ернұр Досжановтың көмегімен «хабарлықтар» матчты өте қарқынды бастады. Бірінші тайм тең аяқталғанымен үзілістен кейін де шабуылдарын үдетті. Тіпті, қақпашымен үшке бір шыққан кездері де болды. Бірақ, пас берер сәтте Ернұрдың өзі қақпаға теуіп, допты қиыс жіберді. Одан кейін Шыңғыс Мұсаның соққысы қақпа маңдайшасынан серпілді. Футболда «сен соқпасаң, саған соғады» деген қағида бар. Келесі шабуылда-ақ «елордалықтар» гол соқты. Есепті ашқан Бексаттар Саттар. Көп ұзамай, алаңға тыңнан шыққан «қара қабылан» Мәди Ысқақов таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізіп, «Хабар 24» жігіттерінің жігерлерін құм сепкендей басты. Қорытынды есеп – 2:0.

«Хабар 24» екінші орыннан да түсіп қалуы мүмкін. Олардың өкшесін «Qazaqstan TV» басып келе жатыр. Ұлттық арна командасы «Еуразия+ОРТ» журналистерімен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Үш сары қағаз көрсетіліп, үш ойыншы алаңнан қуылған кездесуде «Qazaqstan TV» екі ойыншысынан айрылды. Енді оларға алдағы кездесулерде қиын болуы мүмкін.

Ал Sportinform мен ҚМДБ Баспасөз қызметі арасындағы ойынның тағдырын матчтың 14-ші минутында соғылған Нұрсұлтан Шәмшиденнің жалғыз голы шешіп кетті. Егер спорт сайтының жігіттері өздерінде болған мүмкіндіктердің тым болмағанда ширек бөлігін голға айналдыра алғанда, матчта кемінде бес гол соғар еді.

«В» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here