В лигасы. “Elorda aqparat” пен “Хабар 24” бәсекелестерінен ұзап кетті

0
274
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер біріншілігі «В» лигасының 10-шы турынан кейін бас жүлдеден үмітті екі-ақ команда қалған сияқты. Бүгін «Elorda aqparat» пен «Хабар 24» командалары басты бәсекелестерінен тағы ұзап кетті.

«Elorda aqparat» командасы «Еуразия+ОРТ» журналистерін 13:2 есебімен ойсырата ұтты. Ғалым Қожабеков бастаған елордалық басты агенттік телеарна қызметкерлерінің әр таймда соққан бір-бір голына 13 тура соққымен жауап берді. Оның 9-ы Бексаттар Саттардың еншісінде. Осылайша Бексаттар өзінің осы маусымдағы голдарының санын 21-ге жеткізсе, «Elorda aqparat»-тың ұпайы 22-ге жетті.

Дегенмен, оларға босаңсуға болмайды. Ізін қуып «Хабар 24» командасы келеді. «Elorda aqparat» секілді голдарының санын 50-ден асырып жібермесе де, әр ойынын сауатты өткізіп, барынша ұпай жинап жүрген команда. «Қаламгермен» кездескен олар бүгін де сауатты ойнап, қарсыластарының қақпасына жауапсыз 4 гол соқты.

Ал бастапқыда фавориттер қатарында болған «ҚМДБ Баспасөз қызметі» кейінгі кездері жиі ұпай жоғалтып жүр. Бүгін «Qazaqstan TV» командасымен кездескен олар ұтылып жатып, ойын соңында ғана таразы басын теңестіре алды. Әйтпегенде ұлттық арна турнир кестесінде 3-ші орынға шығып кетер еді. Дегенмен, екеуінің «қола» үшін тартысы соңғы турға дейін жалғасатын тәрізді.

«В» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here