Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
Кеше Журналистер кубогының жеребе тарту рәсімі өтіп, жартылай финалдың жұптары анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалға «Sportinform», «Спорт 59», «Хабар» және ЦАИ МИК РК командалары жолдама алған. «Sportinform» «В» лигасының командасы болса, қалған үшеуі «А» лигасының өкілдері.
Жеребе тарту «Тарлан Арена» стадионында өтіп, BAQ league Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Ерік Чинчалинов пен ресми бойтұмар Бақош тартқан соқыр жеребенің қорытындысы бойынша жартылай финалда мына командалар кездесетін болды.
Хабар – ЦАИ МИК РК
Спорт 59 – Sportinform
Журналистер кубогының жартылай финалы мен финалы 23 қыркүйек күні өтеді.
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.