Жамбыл облысы әкімінің кубогы: “АПОРТ” – чемпион!

0
416
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Таразда тартысқа толы турнир өтті. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармалары ұйымдастырған БАҚ өкілдерінің бәсекесіне еліміздің әр өңірінен келген 12 команда қатысты.

1) “Хабар” – Астана

2) “Ақмешіт” – Қызылорда

3) “Апорт” – Алматы қаласы

4) “Тұран” – Алматы облысы

5) Шымкент қаласы

6) Түркістан облысы

7) “Ернияз” – Шымкент

8) КТК – Алматы қаласы

9) “Jambyl” телеарнасы

10) “Taraz-Press” – Тараз

11) “Блогер” – Тараз

12) “Әулиеата” – Жамбыл облысы

Қатысушылар соқыр жеребе арқылы 3 топқа бөлініп, плей офф кезеңіне шығатын мықтыларды анықтады. Нәтижесінде,  “А” тобынан “Ақмешіт” пен “Блогер”, “В” тобынан “Хабар”, Түркістан облысы, “С” тобынан “Тұран” “Taraz-Press” командалары плей оффқа жолдама алды. Сондай-ақ, топта үшінші орын алған екі үздік команда – “Ернияз” бен “Апорт” та 1/4 финалға шықты.

Бұл кезеңде мына командалар жұп құрады:

“Ақмешіт” – Түркістан облысы 4:1

“Хабар” – “Апорт” 1:1 (пен. 1:2)

“Тұран” – “Ернияз” 2:2 (пен. 2:3)

“Taraz-Press” – “Блогер” 3:2

1/2 финал:

“Ақмешіт” – “Апорт” 1:1 (пен. 1:2)

“Ернияз” – “Taraz-Press” 2:2 (пен. 1:3)

3 орын үшін:

“Ақмешіт” – “Ернияз” 3:3 (пен. 4:5)

Финал

“Апорт” – “Taraz-Press” 3:0

Осылайша өз тобынан үшінші орынмен шыққан алматылық ұжым плей офф кезеңінде Baq лиганың үш дүркін чемпионы “Хабар” командасын, биылғы С.Бердіқұлов турнирінің чемпионы “Ақмешіт” командасын жеңіп, ақтық ойында алаң иелерінен басым түсті. Топтық кезеңде талдықорғандық “Тұраннан” ғана жеңіліс тауып, кейін қарсыластарын тізе бүктірген “Апорт” тұғыр биігін бағындырып, 700 мың теңге жүлдені қанжығаға байлады. Ал тек финалдық ойында ғана жеңіліс тапқан “Taraz-Press” екінші орыннан көрініп, 400 мың теңгені еншіледі. Ал “Хабар” мен Түркістан облысы командаларынан айласын асыра алмай, топтан үшінші орынмен шыққан “Ернияз” қола жүлде үшін болған матчта қызылордалықтардан тек пенальти сериясынан кейін ғана басымдық байқатып, 200 мың теңге жүлдеге кенелді.

Сонымен қатар, турнирде тамаша қырынан көріне білген ойыншылар арнайы марапаттарға ие болды.

“Үздік қақпашы” – Ілияс Сайлаубайұлы (“Тұран”, Алматы облысы).

“Үздік қорғаушы” – Еркеғали Балажан (Түркістан облысы).

“Үздік шабуылшы” – Әділбек Жақанов (“Ақмешіт”, Қызылорда).

“Үздік ойыншы” – Нұрсұлтан Құрман (“Хабар”, Астана).

Үздік ойыншыларға 25 000 тг сыйақы берілді.

БАҚ өкілдерінің әріптестік және достық қарым қатынасын арттыруды көздеген турнир өз мақсатына жетті. Қыркүйек айында Қызылорда облысынан келген әріптестер осындай жарыс ұйымдастыруды қолға алатындықтарын айтып, жамбылдықтар мен басқа да әріптестерді шақырды.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here