Қазмедиа – ЦАИ МИК РК ойынына байланысты шешім шығарылды

0
527
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Астана футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, «А» лигасының 6-шы тур ойындарындағы мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады.

«Қазмедиа» – ЦАИ МИК РК

АФФ Тәртіптік Регламентіне сәйкес, қарсыласының тарапына бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін ЦАИ МИК РК командасының ойыншысы Әділет Құсайынов (№9) BAQ league біріншілігі мен Журналистер кубогын қоса есептегенде 2 (екі) ойынға аластатылды.

Шешім 2018 жылдың 30 тамызынан бастап күшіне енеді.

АФФ Тәртіптік Регламентіне сәйкес, қарсыласының тарапына бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін «Қазмедиа» командасының ойыншысы Арай Ізбай (№4) BAQ league біріншілігі мен Журналистер кубогын қоса есептегенде 2 (екі) ойынға аластатылды.

Шешім 2018 жылдың 30 тамызынан бастап күшіне енеді.

АФФ Тәртіптік Регламентіне сәйкес, матчтың ресми тұлғасы тарапына бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін «Қазмедиа» командасының ойыншысы Мирас Қайырхан (№11) BAQ league біріншілігі мен Журналистер кубогын қоса есептегенде 2 (екі) ойынға аластатылды және 7 АЕК (16 835 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 30 тамызынан бастап күшіне енеді.

17 тамыз күнгі шешімнің күшіне енуі

«Егемен Қазақстан» командасы

Тәртіптік-бақылау комитетінің 2018 жыл 17 тамыз күнгі шешімін орындамағаны үшін «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Ғабит Тұрсымбаевқа соңғы ескерту жасалып, 10 күн уақыт берілді. Егер осы аралықта 7 АЕК (16 835 теңге) көлеміндегі айыппұлды төлемесе, «Егемен Қазақстан» командасынан автоматты түрде үш ұпай алынады.

Шешім 2018 жылдың 30 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 09 қыркүйекке дейін төленуі тиіс.

«Қаламгер» командасы

Тәртіптік-бақылау комитетінің 2018 жыл 17 тамыз күнгі шешімін орындамағаны үшін «Қаламгер» командасына соңғы ескерту жасалып, 10 күн уақыт берілді. Егер осы аралықта 7 АЕК (16 835 теңге) көлеміндегі айыппұлды төлемесе, «Қаламгер» командасынан автоматты түрде үш ұпай алынады.

Шешім 2018 жылдың 30 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 09 қыркүйекке дейін төленуі тиіс.

«Еуразия+ОРТ» командасы

Тәртіптік-бақылау комитетінің 2018 жыл 17 тамыз күнгі шешімін орындамағаны үшін «Еуразия+ОРТ» командасына соңғы ескерту жасалып, 10 күн уақыт берілді. Егер осы аралықта 7 АЕК (16 835 теңге) көлеміндегі айыппұлды төлемесе, «Еуразия+ОРТ» командасынан автоматты түрде үш ұпай алынады.

Шешім 2018 жылдың 30 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 09 қыркүйекке дейін төленуі тиіс.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here