«В» лигасы. Турнир кестесі екіге бөлінді

0
412
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«В» лигасының екінші айналымы басталып кетті. 8-ші турдан кейін турнир кестесі екіге жарылды. Дәл қазір бірінші орыннан төрт команда үмітті.

Көш басындағы «Elorda aqparat» бұл турда демалды. Олардың демалысын басты бәсекелестері өте сәтті пайдаланып кетті.

Мәселен, «Хабар 24» телеарнасының журналистері «Sportinform» сайтын 5:3 есебімен ұтты. Дегенмен, трансферлік кезеңде құрамын біршама күшейткен «Sportinform» өте жақсы қарсылас бола білді. Тіпті, 3:2 есебімен жеңіп те тұрған. Алайда, ойын соңына қарай шаршап қалып, матчтың аяқталуына бес минут қалғанда «хабарлықтардың» қатарынан үш шабуылын өткізіп алды. Ал егер «Sportinform» жігіттері ойын басында өз қақпаларына екі автогол жіберіп алмағанда, онда матчтың тең аяқталуы да мүмкін еді.

Дәл осындай есеп ҚМДБ Баспасөз қызметі мен «Еуразия+ОРТ» арасындағы ойында да тіркелді. Есепті бірінші болып «Бірінші арна» тілшілері ашқан. Бірақ, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Баспасөз қызметкерлері матч арнасын өз бағыттарына қарай бұра білді.

Ал «Қаламгер» кезекті рет жеңілістің кермек дәмін татты. «Qazaqstan» ұлттық арнасымен кездескен тілшілер құрама командасы 1:3 есебімен ұтылып қалды. Данияр Сванкулов, Асқар Мұхтаров және Жарқын Тлеухордың тура соққыларына «Қаламгер» сапынан Ермұхамед Мәулен бір голмен жауап берді.

Осылайша «В» лигасында 16 ұпаймен «Elorda aqparat» көш бастап тұрса, «Хабар 24» пен ҚМДБ БҚ командаларында 15 ұпайдан, ал «Qazaqstan» ұлттық арнасы 14 ұпаймен үздік төрттікте. Міне, «В» лигасында жүлделі орындарды осы үш команда сарапқа салатын секілді.

«В» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here