”А” лигасы бірінші айналымының таңдаулы құрамы жасалды

0
195
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Екі лигаға бөлінген Журналистер біріншілігі биыл өте тартысты. Әсіресе жоғарғы дивизион. Сондықтан, таңдаулы құрамға да ойыншылар таңдау қиын. Дегенмен, тәуекел етіп, «А» лигасының бірінші айналымында ерекше көзге түскен ойыншыларды атап өтуді жөн көрген едік.

Қақпашы

Дмитрий ПОКИДАЕВ (ЦАИ МИК РК). Өткен маусымда бір ғана ойынға қатысып, жарақат алып қалған Дмитрий Покидаев биыл қайта бабында. Рас, командасы көп гол соқпайтын да шығар. Бірақ, Покидаев барда бұл команданың қақпасына да аз гол кіреді.

Қорғаушылар

Ершат ҚОЖАТАЕВ (Хабар). Доппен қоса аяқты да қатар жұлатын Ершат Қожатаев маусымның алғашқы жартысын өте тамаша өткізді. «Хабар» жеңістерінің басты кепіліне айналған қорғаушы шабуыл шебінде де пайдасын тигізіп жүр.

Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Егемен Қазақстан). Шау тарттым деп жүрген өзі. Әйтпесе, Ермек Төрениязов әлі де бабында. Егер шаршаған болса, «Егемен Қазақстан» сынды жүлдеден үмітті команданың негізгі құрамынан орын ала алмас еді.

Жартылай қорғаушы

Абдулла ТӨКЕНОВ (ЦАИ МИК РК). Былтырдан бері ЦАИ МИК РК намысын қорғап жүрген Абдулла Төкенов залда да жақсы ойнаған. Жасыл алаңда да жанкештілігімен көзге түсіп жүр. Позициясын жылдам ауыстыратын Төкенов алғашқы маусымның ең үздік ойыншысы болуға әбден лайықтардың бірі.

Шабуылшылар

Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа). Рас, алғашқы екі турда Құмарбекті танымай қалғанымыз жасырын емес. Мүлдем өз-өзіне ұқсамаған. Алайда, қазір бұл сұрмерген «А» лигасындағы ең үздік ойыншылардың біріне айналды. Ал ЦАИ МИК РК командасына қарсы ойынынан Лионель Мессидің өзі ләззат алар еді.

Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар). «Хабар» құрамында 15 ойыншы бар болса, соның 14-і бір төбе де, Нұрсұлтан Қабылбек бір төбе. Ойын жағын айтып отырмыз. Әр кездесуде гол соғудан шаршамайтын шабуылшы «Хабарға» біраз ұпай сыйлап тастады. Егер ол болмаса, команданың көш басында тұруы да екіталай еді.

РЕЗЕРВ

Қақпашы: Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан).

Қорғаушылар: Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар), Бақдәулет БЕКСҰЛТАН (Егемен Қазақстан).

Жартылай қорғаушы: Талғат ҚАЙРОЛЛА (Қазмедиа).

Шабуылшылар: Жандос МАНАШЕВ (Асыл арна), Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар).

«А» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here