«А» лигасы. «Хабар» мен «Қазмедианың» ғана көңілі тоқ

0
404
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер біріншілігінде «А» лигасының бірінші айналымы мәресіне жетті. Әзірге «Хабар» көш бастап тұрса, «Қазмедиа» өкше басып, ЦАИ МИК РК үздік үштікті түйіндеп тұр.

Кеше «А» лигасының 5-ші туры өтті. «Хабар» мен «Асыл арна» кездесуінде ғана 5:2 есебі тіркелді демесеңіз, ойындардың барлығы тартысты болып, «әткеншекті матчтар» көрермендерге орасан эмоциялар сыйлады. Дегенмен, «Хабар» мен «Асыл арна» кездесуін де бұл тізімге қосуға болатын шығар. Егер Нұрсұлтан Қабылбектің пента-тригі болмаса, матч мүлдем басқаша арнада өрбуі мүмкін еді.

Ал «Егемен Қазақстан» тағы ұпай жоғалтты. Осы маусымда үшінші рет тең ойнаған олар бұл жолы «Спорт 59» жігіттерімен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Тіпті, екі рет есепте жеңіліп жатып, тек соңғы секундтарда ғана таразы басын теңестіре алды. Қорытынды есеп – 2:2, «Спорт 59» қақпашысы Алпыс Мейрамбаев сөзсіз матч қаһарманы атанды.

Сондай-ақ, «Қазмедиа» да кішігірім ерлік жасады. Өткен маусымның күміс жүлдегері ЦАИ МИК РК командасымен кездескен Марғұлан Ибраев бастаған жігіттер қарсыласын 2:1 есебімен тізерлетті. Алдымен Құмарбек Азаттың қайталанбас соққысын ЦАИ кипері Дмитрий Покидаев қайтаруға қауқарсыздық танытса, Абылай Тұрлыбековтің есепті теңестіруінен кейін Талғат Қайролла «Қазмедианы» қайта алға шығарды.

Осылайша «А» лигасында бірінші маусым аяқталды. Енді командалар осы аптада өзара қайта кездеседі. Бір-бірінен қарымта қайтара алар ма екен?

«А» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here