В лигасы. Фавориттер аутсайдерлерді басынған күн

0
331
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Кеше Журналистер біріншілігінің «В» лигасында бес ойын өтті. Барлық ойында фавориттер жеңіске жетіп, турнир кестесінде аутсайдерлерден ұзай түсті.

Аутсайдер демекші, өзгелерге ұпай таратумен айналысып жүрген екі-ақ команда бар. Әзірге жолдары болар емес. Трансферлік науқанда құрамдарын біршама күшейтсе де, қажетті ұпайларына қол жеткізе алар емес. Бәлкім, жаңа ойыншылары әлі үйренісе де алмай жатқан сияқты. Солай дейін десең, «Қаламгер» сапына «А» лигасындағы «Егемен Қазақстаннан» ауысқан Ермұхамед Мәулен бірінші кездесуінде-ақ гол соқты. Алайда, оның голы «Қаламгерге» жеңіс емес, тең есеп те әпермеді. Амангелді Сейітхан жетекшілік етіп, Қайрат Сламбеков баптайтын команда «Qazaqstan»-ға 1:2 есебімен есе жіберді. Одан кейін «Еуразия+ОРТ» командасынан ұтылды. Есеп – 2:4.

Сол секілді «Sportinform» командасының жаңа шабуылшысы Дулат Есназар да бірден гол соқты. Олар да ұтылды. Тағы да сол «Qazaqstan»-нан жапа шекті. Дегенмен, алғашқы төрт кездесуде гол соға алмай келген спорттық сайттың жігіттері бұл матчта бірден екі гол соғып, көңілдері сәл де болса жадырап қалды. Есепті теңестіріп те кетуге болар еді. Бірақ, шама жетпей қалды. Бірінші таймның қорытындысы бойынша 0:3 есебімен жеңіліп жатып, екі доп соғудың өзі де кішкентай ерлік емес.

Ал «Elorda aqparat» әр ойын сайын үш ұпайдан еншілеуді әдетке айналдырды. Бұл жолы елордамыздың еңселі ақпараттық агенттігі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Баспасөз қызметін 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Бірақ, өз қақпаларына бірінші болып гол жіберіп алғандықтарын да айта кету керек. Ал олардың ізін басып келе жатқан «Хабар 24» командасы аса тартысты өткен кездесуде соңғы минутта ғана Хасан Ташенов соққан голдың арқасында 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

«В» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here