Тәртіптік-бақылау комитеті – Екі командаға ескерту жасалып, бір ойыншы екі матчқа жазаланды

0
447
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Астана футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, Журналистер кубогының 1/8-финалы, «А» лигасының 4-ші туры және «В» лигасының 5-ші турындағы мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады.

Журналистер кубгының 1/8-финалы

Еуразия+ОРТ – Қаламгер

“BAQ league Регламентінің” 5 бабындағы ережені бұзуына байланысты (ойыншыларының гетрыларының әркелкі болуы) «Қаламгер» командасына 3 АЕК (7 215 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 17 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 27 тамызға дейін төленуі тиіс.

В лигасы, 5-тур

Еуразия+ОРТ – ҚМДБ Баспасөз қызметі

“BAQ league Регламентінің” 5 бабындағы ережені бұзуына байланысты (ойыншыларының гетрыларының әркелкі болуы) «Еуразия+ОРТ» командасына 3 АЕК (7 215 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 17 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 27 тамызға дейін төленуі тиіс.

А лигасы, 4-тур

Хабар – Егемен Қазақстан

“BAQ league Тәртіптік регламентінің ережесіне сәйкес, алаңнан қуылғаннан кейінгі өрескел әрекеті үшін «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Ғабит Тұрсымбаев (№20) BAQ league біріншілігінің алдағы 2 (екі) ойынынан аластатылып, 7 АЕК (16 835 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 17 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 27 тамызға дейін төленуі тиіс.

3 тамыз күнгі шешімнің күшіне енуі

«Sportinform» командасы

Тәртіптік-бақылау комитетінің 2018 жыл 3 тамыз күнгі шешімін орындамағаны үшін «Sportinform» (В лигасы) командасына соңғы ескерту жасалып, 10 күн  уақыт (27 тамызға дейін) берілді. Егер осы аралықта 7 АЕК (16 835 теңге) көлеміндегі айыппұлды төлемесе, командадан автоматты түрде үш ұпай алынады.

Шешім 2018 жылдың 17 тамызынан бастап күшіне енді.

«Хабар» командасы

Тәртіптік-бақылау комитетінің 2018 жыл 3 тамыз күнгі шешімін орындамағаны үшін «Хабар» (А лигасы) командасына соңғы ескерту жасалып, 10 күн уақыт (27 тамызға дейін) берілді. Егер осы аралықта 7 АЕК (16 835 теңге) көлеміндегі айыппұлды төлемесе, командадан автоматты түрде үш ұпай алынады.

Шешім 2018 жылдың 17 тамызынан бастап күшіне енді.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here