Журналистер кубогы ширек финалының жеребесі тартылды

0
345
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бүгін елордамыздың «Тарлан Арена» стадионында Журналистер кубогы ширек финалының жеребе тарту рәсімі өтіп, барлық жұптар анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, ширек финалға автоматты түрде жолдама алған «Sportinform», «Qazaqstan» және «ЦАИ МИК РК» командаларына «Асыл арна», «Спорт 59», «Хабар», «Қаламгер» және «Elorda aqparat» қосылған болатын.

BAQ league Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Ерік Чинчалинов пен Журналистер лигасының бойтұмары Бақош тартқан жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша ширек финалда мына командалар өзара кездеседі:

Qazaqstan – Sportinform

ЦАИ МИК РК – Асыл арна

Elorda aqparat – Хабар

Спорт 59 – Қаламгер

Журналистер кубогының ширек финалы 2018 жылдың 1 қыркүйегінде өтеді.

BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here