«В» лигасы. Үздік үштік қара үзді

0
392
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер біріншілігінің «В» лигасы да тартысқа толы. Турнир кестесінде «Elorda aqparat» командасы көш бастап келе жатқанымен «Хабар 24» пен «ҚМДБ Баспасөз қызметінің» де жүлделі орындардан дәмелері зор. Бесінші турдан кейін бұл үштік турнир кестесінде өзге командалардан қара үзді.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Баспасөз қызметі жайлы айтайықшы. BAQ league дебютанты оңай шағылар жаңғақ емес екен. Бір күнде екі ойын өткізгендеріне қарамастан екеуінде де жеңіске жете білді. Алдымен «Еуразия+ОРТ» командасынан жеңіліп жатып, 3:2 есебімен камбэк жасаған «муфтияттықтар» келесі кездесуінде «Қаламгерді» 4:2 есебімен тізе бүктірді. Қазір олар 9 ұпаймен турнир кестесінде «Хабар 24»-пен 2-ші орынды бөлісіп тұр.

Өз кезегінде BAQ league-ның тағы бір дебютанты «Sportinform» командасымен кездескен «Хабар 24» қарсыласын 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша «В» лигасында ұпай алмаған екі-ақ команда қалды. Оның бірі «Sportinform» болса, екіншісі «Қаламгер».

BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here