Бүгін ширек финалдың жеребесі тартылады

0
531
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бүгін Журналистер кубогы ширек финалының жеребе тарту рәсімі өтеді. Жүлде жолында барлығы сегіз команда қалды.

Естеріңізге сала кетейік, ширек финалға автоматты түрде жолдама алған «Sportinform», «Qazaqstan» және «ЦАИ МИК РК» командаларына кеше «Асыл арна», «Спорт 59», «Хабар», «Қаламгер» және «Elorda aqparat» қосылған болатын.

Енді бүгін «Тарлан-Арена» стадионында «Хабар» мен «Егемен Қазақстан» ойының алдында ширек финалдың жеребе тарту рәсімі өтеді.

Жеребе тарту рәсімінің ережесі бойынша, көпшілік алдына екі себет ұсынылады. Жасыл ұяшықтарда команда аттары жазылып, қызыл ұяшықтарда олардың сандары көрсетіледі. Алдымен BAQ league бойтұмары Бақош жасыл ұяшықты алып шығады да, команданың атын анықтаса, одан кейін екінші себеттен қызыл ұяшықты алып шығып, әлгі команданың санын анықтайды.

Журналистер кубогының ширек финалы 2018 жылдың 1 қыркүйегінде өтеді.

BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here