Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
BAQ league Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, «А» лигасының 3-ші турындағы «Қазмедиа» – «Егемен Қазақстан» ойынына байланысты мынадай шешім қабылданды.
Қазмедиа – Егемен Қазақстан
АФФ Тәртіптік регламентінің ережесіне байланысты, матчтың ресми тұлғасына бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Еркебұлан Алдабергенов (№94) BAQ league-ның 2 (екі) ойынынан шегертіліп, 7 АЕК (16 835 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Жаза Лига ойындары мен Кубок матчтарына да қатысты.
Шешім 2018 жылдың 09 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 19 тамызға дейін төленуі тиіс.
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.