«В» лигасы. Аутсайдерлер анықталған секілді

0
339
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«В» лигасының төртінші туры артта қалды. Дәл қазір көш басындағы «Elorda aqparat» пен соңғы орындағы қос команда «Sportinform» мен «Қаламгердің» арасын бақандай 12 ұпай бөліп тұр.

Әр ойынын ірі есеппен аяқтайтын «Elorda aqparat» бұл жолы да ірі есепке қол жеткізді. Бұл жолы Қайсар Жұмабайұлының «жендеттерінен» «Еуразия+ОРТ» командасы зардап шегіп, 0:6 есебімен жеңілді. Бұл осы турдың ірі есебі емес екен. Келесі кездесуде «Хабар 24» футболшылары «Қаламгердің» қақпасына жауапсыз жеті гол соқты. Тіпті, ардагер Амангелді Сейітхан мен көпті көрген Шыңғыс Мұхан да қанша тырысқандарымен «Хабар 24» қақпасынан саңылау таба алмады.

Ал Журналистер лигасында дебютті матчын өткізген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Баспасөз қызметі осы турнирдегі алғашқы голын соқты. Бірақ, «Qazaqstan» ұлттық арнасымен кездескен ҚМДБ БҚ өз қақпаларына 8 гол жіберіп алды. Қорытынды есеп 1:8.

«В» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here