«В» лигасы. Толассыз нөсер және жанкешті журналистер

0
523
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Кеше «В» лигасының 3-ші туры аясында жоспарланған үш кездесудің біреуі ғана өтті. Оған ауа-райының қолайсыздығы себеп.

Алаңда «Elorda aqparat» және «Sportinform» командалары ғана доп теуіп үлгерді. Қалған екі ойын толассыз жауған нөсерге байланысты кейінге шегерілді.

Ал «Elorda aqparat» пен «Sportinform» арасындағы кездесуде 6:0 есебі тіркелді. «В» лигасының басты фавориті саналатын былтырғы маусымның күміс жүлдегері бірінші таймда-ақ қарсылас қақпасына үш гол соғып, мәселені жылдам шешіп тастады. Дегенмен, үзілістен кейін де тыным тапқан жоқ. Тағы да сонша гол соқты. Санжар Кеңесов пен Аян Әбдуәли дубль жасаса, Ұлан Заттыбеков пен Елтай Нұрғазин бір-бір голдың авторы атанды.

Айта кету керек, ойынның соңғы минуты толассыз нөсердің астында өтті. Трибунада бірде-бір жанкүйер қалмағанымен жанкешті журналистер соңына дейін тартысты. Сондықтан, бұл кездесуде екі командада құрметке лайық.

Дегенмен, футбол алаңы ватерпол бассейніне көбірек ұқсап кеткендіктен төрешілер «Еуразия+ОРТ» – «Хабар 24» және «Қаламгер» – «ҚМДБ Баспасөз қызметі» арасындағы матчтарды кейінге қалдырды.

Журналистер лигасы «В» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here