Тәртіптік-бақылау комитеті. Үш командаға айыппұл салынды

0
416
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Астана футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, Журналистер лигасының 1-ші және 2-ші турындағы мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады.

А лигасы, 1-тур

Қазмедиа – Спорт 59

“BAQ league Тәртіптік регламентінің” №1 қосымшасы, 6 бабының 6.3 пункті бойынша, матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Қазмедиа» командасына 7 АЕК (16 835 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 03 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 13 тамызға дейін төленуі тиіс.

В лигасы, 1-тур

ҚМДБ Баспасөз қызметі – Sportinform

“BAQ league Регламентінің” 4,6 бабына сәйкес, ойындар күнтізбесінде көрсетілген матчқа қатыспағаны үшін Sportinform командасына 7 АЕК (16 835 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 03 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 13 тамызға дейін төленуі тиіс.

А лигасы, 2-тур

Хабар – Қазмедиа

“BAQ league Тәртіптік регламентінің” №1 қосымшасы, 6 бабының 6.3 пункті бойынша, матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Хабар» командасына 7 АЕК (16 835 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 03 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 13 тамызға дейін төленуі тиіс.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here