В лигасы. Elorda aqparat жеке-дара көш бастады

0
455
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«В» лигасының екі туры артта қалды. Сенсация жоқ. Дегенмен, маусымның басты фавориті анықталып қойған секілді.

 

Өткен маусымда өздеріне үзіліс жариялаған Elorda aqparat биыл «В» лигасында қарсылас шақ келтірер емес. Алдымен «Хабар 24» командасының қамалын бұзған Қайсар Жұмабайұлы бастаған жігіттер екінші турда «Қаламгердің» қақпасына 12 гол соқты. Соңына қарай, «ұят болмасын» деді-ау, өз қақпасына да екі доп өткізе салды. Иә, бұл команданы «В» лигасында тосқауыл болатын ешкім жоқ-ау.

Ал турдың орталық кездесуінде «Хабар 24» пен «Qazaqstan» кездесті. Өткен маусымды сәтсіз өткізгенімен биыл екі команда да құрамын біраз күшейткен. Дегенмен, бұл жолы жаңалықтың жаршысы болған арнаның журналистері жарады. Зухраб Отаров хет-трик жасап, өз командасына осы маусымдағы алғашқы үш ұпайды сыйлады.

Тағы бір ерлікті «Еуразия+ОРТ» арнасы жасады. Былтыр біріншілікті соңғы орынмен аяқтаған олар бұл жолы алғашқы екі турда да жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Бірінші турда «Qazaqstan» ұлттық арнасымен тең түссе, екінші турда BAQ league дебютанты «Sportinform» журналистерінің қақпасына жауапсыз жеті гол соқты.

Осылайша алғашқы екі турдан кейін турнир кестесінде Elorda aqparat командасы максималды алты ұпаймен көш бастаса, «Қаламгер» мен «Sportinform»-да әзірге ұпай жоқ.

BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here