«В» лигасы. Elorda aqparat жоғарғы топқа құлшынып тұр

0
39

«В» лигасында жеті команда. Жетеуі де «А» лигасына құлшынып тұр. Бірақ, кейбіреуінің шынымен де өзгелерден шоқтығы биік.

Солардың бірі – Elorda aqparat. Өткен маусымға қатыса алмай қалған Қайсар Жұмабайұлының командасы биылғы біріншілікке құлшына кірісті. Бірақ, шыны керек, Жасын Біркенов қорғаған «Хабар 24» қақпасының құлпын бұзу оңай болған жоқ. Піспектеп жатып, ақыр соңында екінші таймда екі гол соқты да, алғашқы үш ұпайларына қол жеткізді. Дегенмен, команданың ойынында әлі де шикілік байқалады. Мәселен, басты трансферлік жұлдызы Аян Әбдуәли әлі де болса, жаңа ұжымының ойынына бой үйрете алмай жатқан секілді. Бәлкім, уақыт қажет шығар.

«Qazaqstan TV» мен «Еуразия+ОРТ» командалары бір-бірінің қақпасынан екі реттен саңылау тауып, бір-бір ұпайдан бөлісті. Самат Сыржанов пен Дінислам Жандостың голдарына «еуразиялықтар» Ерден Құспановтың дублімен жауап берді.

Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Баспасөз қызметі «Sportinform» командасынан техникалық есеппен басым түсіп, турнир кестесінде көш бастады.

BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.

 

Google search engine

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here