Енді Журналистер лигасының өз маскоты болады. BAQ league-ның төртінші маусымының қарсаңында көпшілікке таныстырылған бойтұмардың есімі Бақош деп аталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ресми маскот ретінде әртүрлі нұсқалар ұсынылған екен. Солардың ішінде доп, барыс, бүркіт, тіпті қасқыр да болыпты. Алайда, таңдау балақайға түскен. Есімі де бірден анықталып, BAQ league-ға ұқсату мақсатында Бақош деп қойылған.
Бақош – футболды жақсы көретін, бірақ болашақ мамандығы ретінде журналистиканы таңдауды жөн көрген, үнемі күліп жүретін балақай. Иығына қауырсын қалам асынып алып, әртүрлі тақырыпта шығарма жазғанды жақсы көреді. Сүйікті құрамасы – Қазақстан.
Енді Бақош BAQ league-ның ойындарынан қалмайды. Әрдайым командаларға қолдау көрсетіп, трибунада көрермендермен суретке түсіп жүретін болады.
BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.