Төртінші маусымның жеребе тарту рәсімі өтті

0
685
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Шілденің 28-і күні елордамызда шағын футболдан Журналистер лигасының төртінші маусымы басталады. Бүгін осыған байланысты бірінші турдың және Журналистер кубогының жеребе тарту рәсімі өтті.

«Astana Mall» сауда-сауық кешенінің Coworking баспасөз залында өткен жеребе тарту рәсіміне барлық команда өкілдері мен Астана футбол федерациясының вице-президенті Ахмад Амиров, бас төрешісі Ғалымжан Кенжалинов және BAQ league қоғамдық қорының жетекшісі Әзиз Жұмаділ қатысты.

– Журналистер арасындағы бұл жобаны Астана футбол федерациясы толықтай қолдайды. БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, өзіндік тимбилдингке айналып отырған BAQ league болашақта республикалық деңгейге көтеріліп, еліміздің әр аймағында филиалдары ашылады деп үміттенеміз,деді Ахмад Амиров.

Айта кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша Журналистер біріншілігі екі лигаға бөлінген. Әрқайсысында жеті командадан. Сондай-ақ, жазғы маусымда Журналистер кубогы да қатар өтеді. Оған қос Лиганың да командаларының таласуға құқықтары бар.

28 шілде күні төртінші маусымның шымылдығы түріліп, ашылу салтанаты өтеді. Ашылу салтанатының басталуы сағат – 16:30.

BAQ league төртінші маусымының серіктестері: Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, BI Group компаниясы, «Астана» ФК, Qazsport телеарнасы, Lifefootball дүкені, All Brands дүкені, «Арасан» суы, Mammas’ Pizza пицериясы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here