BAQ league-ның төртінші маусымына өтініштер қабылдау науқаны басталды.
Шағын футболдан Журналистер лигасы IV маусымының өтетін уақыты бекітілді. Шілденің 28-і күні басталатын біріншілік қазан айына дейін созылады және аптасына екі күн, сенбі және жексенбі күндері өтеді. Бүгіннен бастап БАҚ өкілдерінің командаларынан өтініш қабылдау науқаны басталғанын жариялаймыз. Жазғы маусымда командалар өткен маусымдағы көрсеткіштеріне қарай екі Лигаға бөлініп, Біріншілік және Кубок форматында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі үш маусымда да “Хабар” командасы чемпион атанған. Ал алдағы маусымға БАҚ өкілдерінен құралған 16 команда қатысады деп күтілуде.
Ойындардың барлығы “Тарлан Арена” спорт кешенінде өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген нөмірге хабарласуларыңызға болады: +7 777 734 88 10 (Әзиз Жұмаділ)
BAQ league IV маусымының бас серіктесі – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Бізді қолдағандар:
Астана футбол федерациясы,
Қазақстан футбол федерациясы,
BI Group компаниясы.
Серіктестер:
Qazsport телеарнасы,
“Астана” ФК,
Life football спорт дүкені,
All Brands спорт дүкені,
Mamma’s Pizza пиццериясы.