Үшінші маусымның таңдаулы құрамы жасалды

0
414
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Үш айға созылған BAQ league біріншілігінің кезекті маусымы да аяқталды. Дәстүр бойынша назарларыңызға осы маусымның таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Таңдаулы құрамды жасауда «велосипед ойлап шығаруды» жөн көрмедік. Команда капитандары мен вице капитандарының сауалнамасының қорытындысына жүгіндік.

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Qazsport)

Рас, «Qazsport» биылғы маусымды қарық қылған жоқ. Үздік сегіздіктен тыс қалды. Қанат Базылхан да көп ойынға қатыса алмады. Дегенмен, соның өзі үздік қақпашы атануына жеткілікті болды. Өзі қатысқан ойындардың барлығында жанкештілігімен көзге түскен Қанат «Qazsport»-қа біраз ұпай сыйлады. Тек соңғы турдың соңғы секундтарында «қалғып» кетіп, үш ай бойы жинаған еңбегін текке кетірді.

Қорғаушылар – Ершат ҚОЖАТАЕВ (Хабар) пен Ернұр ДОСЖАНОВ (Хабар 24)

Ершат Қожатаев екінші маусым қатарынан Журналистер лигасының үздік қорғаушысы атанып отыр. Былтыр «Хабар 24» сапында үздік танылған ол биыл «Хабар» командасында жүріп те аталмыш жүлдені қанжығасына байлады. Келесі маусымда басқа командаға өтіп, ол жақта да үздік болып жатса, таңғалмаймыз.

Биылғы маусымды өте сәтсіз өткізген «Хабар 24» командасы турнир кестесінде небәрі 13-орынды иемденді. Дегенмен, Ернұр Досжановқа бұл жағдай таңдаулы құрамнан көрінуге кедергі болған жоқ. «Үздік қорғаушы» номинациясында екінші орын алған ол рсы маусымның басты жаңалықтарының бірі болды.

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)

10 ойында 60 гол соғып, Лиганың үздік сұрмергені атанған шабуылшыны таңдаулы құрамға қалай қоспайсың? Расымен де Нұрсұлтанның биылғы голдары «Хабардың» чемпион атануына орасан көмегін тигізді.

Былтырғы маусымның үздік шабуылшысы Құмарбек Азат биыл да үздіктер қатарында. Дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орыннан көрінген сұрмерген осы біріншіліктің үздік ойыншысы атанды.

Резерв

Қақпашы: Айбек ҚАБЫЛША (Хабар),

Қорғаушылар: Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Qazsport), Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН (Егемен Қазақстан),

Шабуылшылар: Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (Спорт 59), Аян ӘБДУӘЛИ (Егемен Қазақстан).

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here