Журналистер лигасының қос өкілі қайырымдылық марафонына қатысты

0
534
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Астанада өткен халықаралық қайырымдылық BI Marathon-ға Журналистер лигасының да екі өкілі қатысты. «Qazaq radiolary» командасының қорғаушысы Жалын Тілеуберген 5 шақырымға жүгірсе, ЦАИ МИК РК командасының ойыншысы Мәди Жақсылық 21 шақырымдық жартылай марафонға қатысты.

Айта кетейік мамырдың 27-сі күні елордамызда өткен үшінші халықаралық қайырымдылық BI Marathon-ға әлемнің 20 елінен 7200 адам қатысты. Бұл өткен жылғыдан бір жарым есе артық. Бұлардың арасында футзалдан BAQ league біріншілігінің қос өкілі Жалын Тілеуберген мен Мәди Жақсылық та болды. «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасын жүргізетін Жалын 5 шақырымды 36 минуттан сәл астам уақытта жүгіріп өтіп, мәре сызығын 228-ші болып қиды.

– BI Marathon-нан алған әсерім керемет. Негізі түнде Чемпиондар лигасы финалының аясында өткен «Реал» мен «Ливерпуль» ойынын көріп, ұйықтамаған болатынмын. Ауыз бекіте салып, далаға шығып кеттім. Соған қарамастан, 5 шақырымды жақсы жүгіріп өттім. Бәрі ұнады. Енді келесі жолы 10 шақырымға жүгірсем деймін, – деді Жалын Тілеуберген.

Ал Toppress.kz сайтының журналисі Мәди Жақсылық 21 шақырымды 1 сағат 37 минут 26 секундта жүгіріп өтіп, мәреге 92-ші болып жетті.

Жалпы, екі жылдың ішінде корпоративтік деңгейден халықаралық дәрежедегі іс-шараға айналған BI Marathon салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, қайырымдылық мақсатын да орындайды. Тіркелуден түскен барлық қаражат «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорына жіберіледі. 2016 жылы осы акция аясында 10 млн. теңге, ал 2017 жылы 16 млн. теңге жиналған, бұл қаражатқа балалардың есту және бас ми мүшелерінің жұмысын жақсартуға арналған томатис терапиясына арнайы өңделген  SOLISTEN құрылғыларын сатып алуға жұмсалды.

Осы жылы ұйымдастырушылардың болжамды дерегі бойынша қор шотына марафонға тіркелуден шамамен 22 млн теңге қаражат түскен.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here