BAQ league-2018 қысқы маусым. Үздік сұрмерген – Нұрсұлтан Қабылбек

0
452
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер лигасы үшінші маусымының қорытындысы бойынша үздік сұрмерген атағын «Хабар» командасының шабуылшысы Нұрсұлтан Қабылбек жеңіп алды.

Биылғы маусымның 10 ойынына қатысқан Қабылбек барлығы 60 гол соғып, Журналистер лигасы қысқы біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. Екінші орында 42 голмен «Спорт 59» командасының капитаны – Махамбет Әнуарбекұлы, ал үздік үштікке 36 голдың авторы атанған «Қазмедиа» сұрмергені Құмарбек Азат енді.

Маусымның жабылу рәсімі кезінде үздік сұрмерген естелік сыйлық және арнайы грамотамен марапатталып, «Life football» спорттық сауда дүкенінің 20 мың теңгелік сертификаты мен «Mammas’ Pizza» пиццериясының 5 000 теңгелік сертификатымен марапатталды.

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here