Он үшінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
323
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Назарларыңызға Журналистер лигасы 13-турының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Шәмкен БАЙЫРБЕК (Спорт 59)

Шәмкен Байырбектің Журналистер лигасында қақпашы ретіндегі шеберлігі тур өткен сайын артып келеді. Енді бір-екі маусымнан кейін үздік қақпашы номинациясын Қанат Базылхан, Айбек Қабылша, Дмитрий Покидаевтардан тартып алуы да ғажап емес. «Qazaqinfo.kz» командасына қарсы өткен кездесудегі сейфтерін санап шығар болсаңыз, оған үздік атағын қазір-ақ бере салғыңыз келері анық.

Қорғаушылар – Ершат ҚОЖАТАЕВ (Хабар) пен Мейірлан РАХАНОВ (ДИАП Qazaqstan)

Қатарынан екі маусым бойы үздік қорғаушы номинациясын ешкімге бермей келе жатқан Ершат Қожатаев «Qazaq radiolary» командасына қарсы ойында да барын салып, қарсыластардың шабуылшыларына барынша тойтарыс берді. Әйтпесе, радио жігіттері бұл ойында 3 емес, одан екі екі есе артық гол соғып тастауы мүмкін еді.

Іс-сапарларына байланысты бұған дейінгі төрт турға Мейірлан Раханов қатыса алған жоқ. Сәйкесінше, «ДИАП Qazaqstan» да сол төрт ойында жеңіліп қалды. Ал Мейірлан Раханов келіп еді, команданың қорғанысында сабырлық пен тыныштық орнап, ұлттық арна дербиінде «Qazaqstan»-ды 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Шабуылшылар – Аян ӘБДУӘЛИ (Егемен Қазақстан) мен Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар)

Аян Әбдуәлидің пента-тригі «Qazsport» командасын үздік сегіздіктен тыс қалдырды. Тепкен добы қақпаға кіретін шабуылшы 12-ші турды жібермегенде онда, «Егемен Қазақстан» қола жүлдеге қол жеткізуі мүмкін еді.

Ол қайта оралды. Гастрөлдеріне байланысты бұған дейінгі үш кездесуге қатыса алмаған сұрмерген «Qazaq radiolary» қақпасына покер жасап, осы маусымдағы голдарының санын 60-қа дейін жеткізді. Соңында обал болмасын деді ме, әлде бұрын өзі ойнаған командаға құрмет көрсеткісі келді ме, әйтеуір автоголмен де көзге түсті.

РЕЗЕРВ:

Қақпашы – Жасұлан ӨМІРӘЛИЕВ (ДИАП Qazaqstan),

Қорғаушылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (ЦАИ МИК РК), Аян ҚАЙЫРБАЕВ (Спорт 59),

Шабуылшылар – Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (Спорт 59), Жасқанат АМАНЖОЛОВ (Еуразия+ОРТ).

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here