Елордамыздың «Еуразия» спорт кешенінде футзалдан Журналистер лигасы үшінші маусымының марапаттау рәсімі өтіп, әр номинация бойынша үздіктер анықталды.
Марапаттау рәсіміне «Егемен Қазақстан» газеті басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев, «Қазақ спорты» газетінің бас редакторы Дүрәлі Дүйсебай, «Qazaqinfo.kz» сайтының жетекшісі Олжас Сыдықбек және Астана футбол федерациясының президенті Мәлік Хасенов қатысты. Марапаттау рәсімін комментатор Ермұхамед Мәулен жүргізді.
BAQ league-ның ресми номинацияларынан бөлек, біріншілікке қатысқан басқа командалар да өздерінің арнайы жүлделерін тағайындап, үздіктерге ілтипат көрсетті. Ал Журналистер лигасының ресми номинацияларында үздік атанған ойыншыларға естелік кубоктардан бөлек, маусымның серіктестері Lifefootball спорттық сауда дүкенінің 20 мың теңгелік сертификаты мен Mammas’ Pizza пиццериясының 5 000 теңгелік сертификаттары ұсынылды. Ал «Астана» футбол клубы біріншіліктің үздік қақпашысы мен үздік ойыншысына өздерінің арнайы жүлделерін тағайындады. Естеріңізге сала кетейік, үздік ойыншылар Журналистер лигасына қатысқан команда капитандары мен жетекшілерінің дауыс берулері нәтижесінде анықталған болатын.
Енді журналистердің басын қосқан BAQ league-ның төртінші маусымы шілде айында басталады.
BAQ league үшінші маусымының үздіктері
РЕСМИ НОМИНАЦИЯЛАР:
Үздік сұрмерген – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) 60 гол
Үздік қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Qazsport)
Үздік қорғаушы – Ершат ҚОЖАТАЕАВ (Хабар)
Үздік шабуылшы – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар)
Үздік ойыншы – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)
Үздік төреші – Георгий ЧЕХОВСКИЙ
БЕЙРЕСМИ НОМИНАЦИЯЛАР:
«Егемен Қазақстан» газетінің арнайы жүлделері:
Жобаны ұйымдастырғаны үшін – Әзиз ЖҰМАДІЛ
Ең өнегелі ойыншы – Мұхтар ТҰРТАЕВ (Qazaq radiolary)
Ең парасатты ойыншы – Саят ЖӨКЕНҰЛЫ (Хабар)
«Хабар» агенттігінің арнайы жүлделері:
Маусымның ашылуы – Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (Спорт 59)
Ең үздік дриблинг иесі – Олжас КҮЛТЕШОВ (Асыл арна)
«Qazaq radiolary»-ның арнайы жүлделері:
«Жарқын дебют» номинациясы – «Асыл арна» командасы
Тасқамал қорғаушы – Дәурен ЖОЛДАСОВ (ЦАИ МИК РК)
«Спорт 59» командасының арнайы жүлделері:
Ең үздік капитан – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар)
Үздік көшбасшы – Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Qazsport)
«Qazaqinfo.kz» сайтының арнайы жүлдесі:
Жеңіске деген жігерлігі үшін – «Егемен Қазақстан» командасы
«Асыл арна» телеарнасының арнайы жүлделері:
«Жұбаныш» номинациясы – Еркебұлан ЖОМАРТ (Егемен Қазақстан)
«Тұрақты жеңімпаз» номинациясы – «Хабар» командасы
“Астана” телеарнасының арнайы жүлдесі:
“Ең үздік қосалқы қақпашы” – Саят САБЫРБАЕВ (ЦАИ МИК РК)
Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.