BAQ league Ұйымдастыру комитеті Журналистер лигасының номинацияларына үміткер ойыншыларды іріктеді. Енді осылардың арасынан үздіктерді команда капитандары мен вице-капитандары/менеджерлері анықтайды.
Бес номинация. Бірақ үздік сұрмерген Ұйымдастыру комитетінің араласуынсыз-ақ анықталған. Ал қалған номинацияларға үміткерлер іріктелген. «Үздік қақпашы» атанудан 7 ойыншы үмітті болса, «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинацияларының иесі болудан 15 ойыншыдан үмітті. Сондай-ақ, Журналистер лигасы екінші маусымының «Үздік ойыншысы» атағына да 15 адам таласады.
Енді қалғаны капитандар мен вице-капитандардың еншісінде. Әр команданың екі өкілі осы тізімнің ішінен дауыс беру арқылы үздіктерді анықтаулары тиіс. Дегенмен, өз командасының ойыншыларына дауыс беруге болмайды. Үздіктердің есімдері 20 мамыр күні Журналистер лигасының жабылу рәсімінде жарияланады.