Оныншы турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
327
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Назарларыңызға 10-шы турдың таңдаулы құрамын ұсынамыз

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)

Өткен турда ешбір қақпашы, шынын айтқанда өзін жақсы жағынан көрсете алған жоқ. Сондықтан, таңдау орталық кездесудің киперіне түсіп отыр. Оның үстіне, Айбек Қабылша расымен де «Егемен Қазақстан» командасына қарсы кездесуді өте сәтті өткізді.

Қорғаушылар – Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Qazsport) пен Мадияр МОЛДАДОСОВ (Qazaq radiolary)

Капитан деген Ермек Төрениязовтай-ақ болсын. Өзі қорғаныста, өзі гол соғады. Ал «Qazaqstan» командасына қарсы дербиде дер кезінде төрешінің тілін тауып, командаласы Арай Ізбайды қызыл қағаздан құтқарып қалды.

Журналистер лигасының бұл маусымы «Qazaq radiolary» сәтті болмаған шығар, бірақ Мадияр Молдадосов үшін нашар өтіп жатқан жоқ. Әр ойын сайын негізгі құрамнан орын алатын қорғаушы өзге командалардың скауттарының да көзіне түсіп үлгерді. «Qazaqinfo.kz» сайтының командасымен болған кездесуден кейін Молдадосовқа деген қызығушылық бұрынғыдан да артты.

Шабуылшылар – Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (Спорт 59) мен Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)

«Хабар 24» журналистерімен болған кездесуде «Спорт 59» командасы қақпасына бірінші болып гол жіберіп алғанымен Маханбет Әнуарбекұлының алты голы «хабарлықтарды» бірден орындарына қойды.

Ал Құмарбек Азат одан да асып түсті. «ДИАП Qazaqstan» қақпасына жалғыз өзі жеті гол соққан сұрмерген өзінің голдар санын 34-ке жеткізіп қана қоймай, «Қазмедианы» жүлдеге бір қадам жақындатты.

Резерв:

Қақпашы – Рүстем СЕРҒАЗИН (Qazsport),

Қорғаушылар – Абдулла ТӨКЕНОВ (ЦАИ МИК РК), Ершат ҚОЖАТАЕВ (Хабар),

Шабуылшылар – Ерқанат ІЛИЯСОВ (Асыл арна), Бақтияр АЯЗБАЙ (Астана TV)

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here