Тәртіптік-бақылау комитеті – “Хабар” командасы және тағы үш ойыншы жазаланды

0
412
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Астана футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, Журналистер лигасының 9-турындағы мәселелері бойынша мынадай шешімдер қабылдады.

Егемен Қазақстан ойыншылары тыншыр емес

Хабар – Еуразия+ОРТ

“АФФ Тәртіптік регламентінің” №1 қосымшасы, 6 бабының 6.3 пункті бойынша, матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Хабар» командасына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 05 мамырынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 15 мамырға дейін төленуі тиіс.

ЦАИ МИК РК – Егемен Қазақстан

«АФФ Тәртіптік регламенті» №2 қосымшасының 7 пункті бойынша, қарсыласын гол соғатын мүмкіндіктен ережеден тыс әдіс бойынша айырғаны үшін және алаңнан қуылғаннан кейінгі өрескел әрекеті үшін «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Берік Шәпетов (№1) Журналистер лигасының алдағы 1 (бір) ойынынан фактілі түрде аластатылып, кейінгі 2 (екі) матчына сынақ мерзімі бекітілді. Сондай-ақ, 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 05 мамырынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 15 мамырға дейін төленуі тиіс.

ЦАИ МИК РК – Егемен Қазақстан

«АФФ Тәртіптік регламенті» №2 қосымшасының 15 пункті бойынша, матчтың ресми тұлғасына бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Еркебұлан Алдабергенов (№13) Журналистер лигасының алдағы 5 (бес) ойынынан фактілі түрде аластатылып, кейінгі 2 (екі) матчына сынақ мерзімі бекітілді. Сондай-ақ, 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 05 мамырынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 15 мамырға дейін төленуі тиіс.

ЦАИ МИК РК – Егемен Қазақстан

«АФФ Тәртіптік регламенті» №2 қосымшасының, 2, 13 және 15 пунктері бойынша, ойын барысында арандатушылық туғызғаны үшін және матчтың ресми тұлғасына физикалық әрекет көрсетуге тырысып, бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін «ДИАП Qazaqstan» командасының ойыншысы Досымжан Ермұрат Астана футбол федерациясының аясындағы турнирлерден 6 (алты) айға шеттетіліп, 25 000 (жиырма бес мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2018 жылдың 05 мамырынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 15 мамырға дейін төленуі тиіс.

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here