Тоғызыншы турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
306
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Назарларыңызға Журналистер лигасының 9-турының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Алмас МАНАП (Егемен Қазақстан)

Тоғызыншы турдың орталық ойынында турнир кестесінде 2-ші орында тұрған ЦАИ МИК РК мен 3-орындағы «Егемен Қазақстан» кездескен. Қос тарап үшін де өте ауыр болған матчтың бірінші таймында «егемендіктердің» бірден екі ойыншысы алаңнан қуылды. Оның біреуі қақпашы еді. Бас киперінен айрылған иелікті күзетуге Алмас Манаптың өзі кірісті. Сөйтіп, үзілістен кейін министрліктің бірнеше соққысына төтеп беріп, әріптестерін алға жетелеген Алмас жанкүйерлердің есінде жігіттерді сабырға шақыра білетін джентльмендігімен ғана емес, кез келген сәтте командасын тығырықтан шығара білетін нағыз капитан ретінде де есте қалды. Айтпақшы, Алмастың қорғаушылардың резервіне енуі де автордың жіберген қателігі емес, өз қақпасына алғашқы гол соғыларда қарсыласын тұсай алмағаны болмаса, қалған сәттердің барлығында капитан өз міндетін жарты таймның ішінде жақсы атқарып шықты.

Қорғаушылар – Асқар МҰХТАРОВ (Qazaqstan) пен Қастер ҚЫЗЫР (Асыл арна)

Әр матч сайын ұлттық арна үшін жан беріп ойнайтын жанкешті ойыншылардың бірегейі – Асқар Мұхтаров. Өкінішке қарай, бұған дейінгі кездесулерде жолы болмай жүрді. Ашығын айтқанда, қанша тырысса да «жалғыздың үні шықпайтынның» кері келді. Ал бұл жолы басты серіктесі Есет Жұбаевпен жұптасып, «Хабар 24» командасын 7:1 есебімен жеңіп, Асқардың өзі покер жасады.

«Асыл арнаның» қорғаушысы Қастер Қызыр әр матч сайын әріптестерімен түсіністігін арттырып, 10-шы нөмірлі жейдені бекер киіп жүрмегенін дәлелдеуде. Өткен турда Қастер «Qazsport» шабуылшыларын жалғыз өзі тұсаулап, реті келгенде өзі де шабуылға сәтті араласып отырды. Нәтижесінде, спорттық арнаның қақпасына соғылған 11 голдың үшеуі осы қорғаушының еншісінде.

ШабуылшыларНұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Аян ӘБДУӘЛИ (Егемен Қазақстан)

«Хабар» командасының басты сұрмергені Нұрсұлтан Қабылбек Талдықорғанда өткен республикалық турнирде соға алмаған голдарының барлығын BAQ league-ның өткен турында «Еуразия+ОРТ» қақпасына соқты. Жалпы, Еуропа футболының тарихында бір матчта ең көп гол соққан ойыншы ретінде екі шабуылшы тіркеліп тұр. Екеуінің де еншісінде 11 голдан. Ал Нұрсұлтанның еншісінде 12 гол. Айтпақшы, Пеленің өзі бір ойында 8 голдан артық соқпаған.

ЦАИ МИК РК кездесуінде басты лидері Еркебұлан Алдабергенов алаңнан қуылғаннан кейін «егемендіктер» сапында көшбасшылықты қолына ала білген бірден-бір ойыншы – Аян Әбдуәли. Қарсы қақпаға үш гол соғып, өз командасының турнир кестесінде 2-орынға көтерілуіне үлкен еңбек сіңірді.

РЕЗЕРВ:

Қақпашы: Абзал ЧАПАЕВ (Qazaqstan)

Қорғаушылар: Алмас МАНАП (Егемен Қазақстан) пен Талғат ҚАЙРОЛЛА (Қазмедиа),

Шабуылшылар: Олжас АҚЫБАЕВ (Спорт 59) пен Ұлан АҚСҰЛТАНОВ (Астана TV)

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here