«Егемен Қазақстанның» ерлігі және тоғызыншы турдың басқа да қызықтары

0
502
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Астанада футзалдан журналистер арасындағы BAQ league-ның үшінші маусымы шарықтау шегіне жетті. Кеше «Еуразия» спорт кешенінде 9-шы тур ойындары өтіп, бірқатар сұрақтардың жауабын тауып берді.

Бұл әзірге Журналистер лигасының тарихындағы ең нәтижелі тур. Жеті матчта барлығы 87 гол соғылды. Яғни, әр ойында орта есеппен 12 голдан деген сөз. Алдымен, турдың орталық кездесуінен бастасақ.

Драма, триллер, боевик… тағы қандай теңеулер бар?.. Бұл ойында көрермендер бәріне де куә болды. “Егемен Қазақстан” командасының бірден екі ойыншысы алаңнан қуылды. Екі көшбасшысынан айрылды. ЦАИ МИК РК қақпасына пенальти белгіленді. Дегенмен, “егемендіктер” жарады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бас командасын 6:4 есебімен тізерлетіп, турнир кестесінде 2-ші орынға көтерілді. Бірақ, алдағы ойындарда оларға лидерлерінсіз ойнау қиын болатын шығар. Мейлі, Берік Шәпетовтің орнын қақпада капитан Алмас Манап басады делік, алайда, Еркебұлан Алдабергеновті 100 пайызға алмастыратын ойыншы табылмайды-ау. Ал ЦАИ МИК РК осы маусымда бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр.

Өзге ойындарға келер болсақ, бірінші таймның қорытындысы бойынша “Хабар 24” командасынан 0:1 есебімен жеңіліп жатқан “Qazaqstan” екінші таймда қарсыласының қақпасына 7 гол соқты. Бұл ұлттық арна жігіттерінің осы маусымдағы екінші жеңісі.

“Астана TV” журналистері осы ойынға қосалқы құраммен келген “ДИАП Qazaqstan” командасындағы әріптестерін еш қиындықсыз 7:1 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын түзеп алды.

Журналистер лигасының кішігірім сенсациясы деуге болатын шығар. Капитаны Ермек Төрениязовтың жоқтығын пайдаланған “Асыл арна” жігіттері “Qazsport” командасын 11:2 есебімен оңдырмай жеңді.

Журналистер лигасының дебютанты “Qazaqinfo.kz” сайты осы маусымдағы ең ірі жеңілісіне ұшырап, жетекшісі белгілі пародист Олжас Сыдықбектің алдында ұятқа қалды. Ал “Қазмедиа” осы жеңістің арқасында үздік үштіктің “табалдырығын аттауға” дайын тұр.

9-шы турдың ең ірі есебі “Хабар” мен “Еуразия+ОРТ” командалары арасындағы ойында тіркеліп, Журналистер лигасының екі дүркін чемпионы осы доданың дебютантын 17:1 есебімен ойсырата жеңді. Айта кететін нәрсе, “Хабар” осы біріншіліктегі жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген жалғыз команда.

Ал “Qazaq radiolary” бізді тур өткен сайын таңғалдыруда. Өкінішке қарай, жақсы жағынан емес. Жақсы жағынан таңдайымызды “Спорт 59” қақтырып жатыр. 9-шы турдың соңғы кездесуінде “Спорт” газетінің ту ұстарлары бас радионы 9:4 есебімен ұтты. Иә, әу баста басты фаворит саналып, тіпті чемпиондықтан да негізгі үміткер болған “Qazaq radiolary” командасының қазіргі жағдайы мәз емес. Небәрі 12 ұпаймен турнир кестесінің 7-орнына бір-ақ сырғыды.

Сонымен, Журналистер лигасының 9-шы турынан жеңілістің кермек дәмін татпаған “Хабар” ғана. Дегенмен, чемпиондықтан әлі де 4 команданың үміті бар. Ал сұрмергендер тізімінде Нұрсұлтан Қабылбектің айдарынан жел есіп тұр. Тоғыз ойында 56 гол соғып тастаған “Хабардың” бас шабуылшысы өткен турда да 12 голдың авторы атанды.

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here