Сегізінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
421
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Назарларыңызға Журналистер лигасы 8-турының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Дияз СӘРСЕНОВ (Астана TV)

Бір матчта бір гол соғып жүрген қақпашылар жетерлік. Дегенмен, Журналистер лигасының тарихында дубль авторы атанған кипердің алғашқысы, шамасы, осы Дияз Сәрсенов шығар. «Асыл арнамен» болған кездесуде өз командасына бір ғана гол жіберіп алған «астаналық» қақпашы қарсылас команданың шабуылшыларын ғана емес, қорғаушыларын да әбден әбігерге салды.

Қорғаушылар – Мәди ЖАҚСЫЛЫҚ (ЦАИ МИК РК) және Әділет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана TV)

Жалпы, Мәди Жақсылықтың алаңда бар-жоғын ойынның видеосын қараған кезде ғана білесің. Расымен де, ЦАИ МИК РК үшін маңызы өте зор қорғаушы. «Qazaq radiolary» командасына қарсы ойында да 6-нөмірлі ойыншы қарсыластарын тырп еткізбей ұстады. Тіпті, Ибраһим Еренғайыптың өзі Мәдиге қарсы еш амал қыла алған жоқ.

Ал Әділет Құсайынов «Астана TV» командасының ең маңызды ойыншысы. Қай ойында болмасын өз жігіттерін алға сүйреп, солардың қателіктерін жуып-шайып жүреді. «Асыл арнамен» болған кездесуде капитан көсіле шауып, тіпті екі гол соғуға да мүмкіндік алды. Бұл оның бұған дейінгі еңбектерінің өтеуі болса керек.

Шабуылшылар – Сапарғали ҚАНАТ (Хабар) пен Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)

Ойыншы деген осындай-ақ болсын. Сонау Шымкенттен бір ғана матчқа келген Сапарғали Қанат дер кезінде, қажетті жерден табылып, «Қазмедиамен» болған кездесуде «хабарлықтардың» жеңіске жетуіне зор үлесін қосты. Екі гол соқты, әріптесіне нәтижелі пас берді. Шабуылда ғана емес, қорғаныста да пайдасын тигізді. Оның қазір Астанаға оралуын күтіп жүрген командалар өте көп.

Әдетте жеңіліске ұшыраған командалардың ойыншылары таңдаулы құрамға кіре бермейді. Дегенмен, хет-трик жасап, «Хабар» сынды азуы алты қарыс командаға қарсы өз жігіттерін жалғыз өзі алға сүйреген ойыншыны үздіктер қатарына қалай қоспайсың?.. Бір жағынан Құмарбек Азат әр тур сайын таңдаулы құрамға кіруді әдетке айналдырып алды.

РЕЗЕРВ

Қақпашы: Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан),

Қорғаушылар: Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Зухраб ОТАРОВ (Qazaqinfo.kz),

Шабуылшылар: Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Аян ӘБДУӘЛИ (Егемен Қазақстан).

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here