BAQ league-дағы Big drama show мен Big drama red cards

0
314
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер лигасының 8-ші турынан кейін бас жүлдеден үмітті командалардың қатары үшеуге дейін қысқарған сияқты. Кешегі жеңілген фавориттерге енді чемпиондықты дәмету қиын болады.

Кәсіпқой бокста Big drama show деген термин бар. Бастан-аяқ төбелеспен өткен жекпе-жекке жанкүйерлер осылай деп баға береді. BAQ league-ның кешегі туры да Big drama show-ға толы болды. Дегенмен, «Хабар» мен «Қазмедиа» арасындағы матчтың орны ерекше. Өткен турда артық сары қағаз алып қалған Бимухамед Букеевтің орнына «Хабарға» көмектесу үшін сонау Шымкенттен Сапарғали Қанат та келген екен. Бірінші маусымның үздік сұрмергені дер кезінде қажетті жерден табылды. Дубльдің авторы атанып, қорғаныста да, шабуылда да ойқастай шапты. Оған Нұрсұлтан Қабылбек қосылып, екеуі Дуглас пен Тайнанның дуэтін құрады. Ал қорғаныстағы Нұрсұлтан Құрманды, құдды бір, ұлттық құрамадағы Дінмұхамед Сүйлейменов пе дерсің. Алайда, «Қазмедиа» сапында да өз саңлақтары бар. Негізгі құрамдағы төртеуі де жарап тұр. Әсіресе Құмарбек Азат «хабарлықтарды» әбден қара терге түсіріп, қарсыластарының бар назарын өзіне аударып жатты. Соның нәтижесінде Талғат Қайролла мен Қанат Такиров қараусыз қалып, гол соғу міндеттерін өз мойындарына алды. Жалпы, ойын аяқталған соң залға жиналған жанкүйерлер екі жаққа да қошемет көрсетіп, шапалақтарын аяған жоқ.

Тағы бір тартысты кездесу «Qazaq radiolary» мен ЦАИ МИК РК арасында өтті. Рас, мұның алдындағы ойындағыдай 14 гол соғылған жоқ. Дегенмен, бұл матч та көпшіліктің көңілінен шықты. Ал кездесу 4:2 есебімен аяқталып, Ақпарат және байланыс министрлігінің жігіттері «Хабардан» бір қарыс та қалғылары келмейтінін көрсетті.

Көшбасшылардан «Егемен Қазақстан» газеті де қалғысы жоқ. Еліміздің бас газеті Журналистер лигасы үшінші маусымының басты аутсайдері «Еуразия+ОРТ» командасымен кездесіп, 8:1 есебімен жеңіске жетті.

Өзге ойындарға келер болсақ, Үшінші турда «Еуразия+ОРТ» командасын жеңгеннен кейін қатарынан төрт турда ұтылған «Qazaqinfo.kz» сайтының жігіттері бұл жолы «Qazaqstan» командасымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп жатқан жерінен 5:3 нәтижесімен жеңісті жұлып алды. Алайда, ұлттық арнасымен журналистерінің де жігерліктерін айта кеткен жөн. Бір ғана Асқар Мұхтаров «Qazaqinfo.kz»-тің бүкіл бір ұжымына татитын ойын өрнегін көрсетті.

Сегізінші турдың шымылдығын ашқан «Хабар 24» пен «ДИАП Qazaqstan» арасындағы кездесудің бірінші таймы 1:1 есебімен тең аяқталған. Тіпті, бірінші болып есепті агенттіктің журналистері ашты. Алайда, Журналистер лигасының дебютанты «ДИАП Qazaqstan» жігіттерінің үзілістен кейін екінші демдері ашылып, 4:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Келесі турда «ДИАП Qazaqstan» командасын «Астана TV» арнасы күтіп тұр. Өткен маусымның қола жүлдегері биыл үздік үштікке іліге алмай қалатын секілді. Әйтсе де, әр ойында намысқа тырысып жүр. «Асыл арна» командасымен болған ойын да оларға оңай тиген жоқ. Соған қарамастан тәжірибелерінің арқасында қарсыластарын тізе бүктіріп, бестіктегі орнын сақтап қалды.

Ал «Спорт 59» бен «Qazsport» арасындағы матчта спорттық арнаның жігіттеріне жақсы шабуылшы жетіспегендей көрінді. Қорғаныста Ермек Төрениязов пен Арай Ізбай тандемі қорған салып алғанымен шабуылда жарақат алып қалған Талғат Қайыргелдин мен дисквалификациясын өтеп жатқан Мирас Жақыповтың жоқтығы сезіліп қалды. Нәтижесінде, жоңғарлардай қаптаған «Спорт 59» жігіттері «Qazsport»-тың да қорғанысын бұзып, осы маусымдағы төртінші жеңістеріне қол жеткізді.

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here