Чемпиондықтан үміттілердің саны бесеуге дейін қысқарды

0
365
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер лигасы экваторынан асты. Алда әлі бес тур бар. Дегенмен, бас жүлдеден үміткерлер саны бесеуге дейін қысқарған сияқты.

Жетінші тур бірден орталық кездесуден басталып, алаңға «Астана TV» және «Егемен Қазақстан» командалары шықты. Алайда, былтыр жазғы маусымды үшінші орынмен аяқтаған «астаналықтар» биыл жүлдеден үміттерін үзе бастаған секілді. «Егемендіктерге» еш қарсылық көрсете алмай, 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Ал чемпиондықтан басты үміткерлер «Хабар» мен ЦАИ МИК РК командалары бір-бірінен қалысар емес. Агенттіктің дербиінде «Хабар» журналистері «Хабар 24»-тегі әріптестерін 10:1 есебімен ойсырата жеңсе, Ақпарат және байланыс министрлігінің командасы «Qazaqstan» ұлттық арнасының қақпасына жауапсыз 10 гол соқты.

«Қазмедиа» орталығының құрама командасы да алтыннан дәмелі. Дегенмен, осы жолы қара басып қала жаздады. «Еуразия+ОРТ» командасымен кездескен. 2:0 есебімен ұтып жатып, қақпаларына үш доп өткізіп алды. Тек содан кейін ғана естерін жиып, Құмарбек Азаттың жеке шеберлігінің арқасында кезекті үш ұпайларына қол жеткізді.

Қатарынан екі ойында жеңілістің кермек дәмін татқан «Qazaq radiolary» осы жолы аз да болса еңселерін тіктей алды. «Асыл арна» телеарнасымен кездескен радиолықтар 8:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші турдағы жеңістерінен кейін бірнеше кездесуді сәтсіз өткізген «Qazsport» осы турда жеңіске жете алды. «Qazaqinfo.kz» сайтымен кездескен. Ермек Төрениязов есеп ашып, Мирас Жақыпов, Талғат Қайыргелдин және Арай Ізбай гол соққан ойын 5:2 есебімен аяқталды.

Ал ең тартысты матч «Спорт 59» бен «ДИАП Qazaqstan» арасында өтіп, еліміздің ең ескі спорт газеті 5:4 есебімен ұлттық арна журналистерін тізе бүктірді.

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here