Ұпай жоғалтпаған команда қалмады

0
291
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер лигасының 5-ші турынан кейін ұпай жоғалтпаған команда қалмады. Бірақ, біріншілік осынысымен қызық. Дәл қазір турнир кестесінде бас жүлдеге талас қызып тұр.

Әу баста қандай мағынада пайдаланылғанын дәл қазір тап басып айта алмаймыз. Алайда, «Сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген мақалды Журналистер лигасына да қолдануға болатын секілді. Төрт тур бойы шашасына шаң жұқтырмай, ұпайдан шашау шығармай келген «Qazaq radiolary» осы жолы қара басты. Әлбетте, «Егемен Қазақстан» да осал команда емес. Алайда, дәл осы жігіттерден ұтылып қалады деп кім ойлаған?.. Бәлкім, өздері де «танауларын аспанға атып» шыққан болар…

Нәтижесінде, турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «радиолықтар» бірден екі сатыға сырғып, үшінші орыннан бір-ақ шықты. Ал алғашқы екі орынды «Хабар» мен ЦАИ МИК РК командалары бөлісіп тұр. Еншілерінде 13 ұпайдан. Өткен турда олар «Спорт 59» және «Qazaqinfo.kz» командаларын еш қиналмастан ұтты.

Ал ең тартысты ойын, шамасы «Еуразия+ОРТ» мен «Хабар 24» арасында өткен секілді. Бұған дейін барлық ойында жеңілістің кермек дәмін татып келген «еуразиялықтар» қарымды қарсыласына әжептеуір қарсылық көрсетіп, бір ұпайды жұлып алды. Ұтып та кетуі мүмкін еді, алайда «Хабар 24» соңғы минуттарда таразы басын теңестіріп үлгерді. Қорытынды есеп – 4:4. Айтпақшы, бұл олардың осы маусымдағы екінші тең ойыны.

Сондай-ақ, «Qazaqstan» командасы да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Асыл арна» телеарнасындағы әріптестеріне қарсы алаңға шыққан ұлттық арна журналистері маусымның басты аутсайдерін 9:4 есебімен ұтты.

«ДИАП Qazaqstan» командасының қарқыны таңғалдырады. Ұлттық арна дербиінде қарымды «Qasport» командасын күтпеген жерден тізе бүктіріп, осы маусымдағы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Осылайша турнир кестесінде 7-ші орынға көтерілген Досымжан Ермұрат бастаған журналистердің жүлделі орыннан көрінетін де мүмкіндіктері бар.

Ал «Қазмедиа» мен «Астана ТВ» арасындағы матчтың тағдырын өткен маусымның басты сұрмергені Құмарбек Азаттың жеке шеберлігі шешіп кетті. Дубль авторы атанған сұрмерген «Қазмедиа» командасын бас жүлдеден үміткерлер қатарынан сызып тастауға әлі ерте екендігін дәлелдеді.

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here