Төртінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
476
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Назарларыңызға төртінші турдың таңдаулы құрамын ұсынамыз

Қақпашы – Дарын ШЕҢГЕЛБАЙ (Астана TV)

Басқа-басқа, кеше ғана шабуыл шебінде ойқастап жүрген Дарын Шеңгелбайдың үздік қақпашы атанғаны қызық екен. Бірақ, расымен де, төртінші турдың үздік кипері «Астана TV» командасының 9-шы нөмірлі ойыншысы болды. «Qazsport»-қа қарсы кездесуде өз командасының үздіктерінің бірі болған Дарын жарақат алып қалған негізгі қақпашысы Дмитрий Покидаевтың орнын жоқтатпады.

Қорғаушылар – Досымжан ЕРМҰРАТ (ДИАП Qazaqstan) пен Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар)

Өткен апта «ДИАП Qazaqstan» командасы өзінің алаңдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған капитаны Досымжан Ермұраттың сіңірген еңбегі орасан. «Qazaqinfo.kz» шабуылшыларын өткізбеген қорғаушы өзінің алып денесімен бүкіл қорғанысты жауып тұрды.

«Хабар» командасы өткен турда «Qazaqstan»-дағы әріптестерін 9:3 есебімен ойсырата жеңді. Иә, ұлттық арна жігіттері де тамаша шабуылдар ұйымдастырған. Алайда, «Хабар» капитаны Нұрсұлтан Құрманнан өту оңай болмады. Фабрегастың рөлін атқарып жүрген капитан қорғаныста ғана сауатты ойнап қоймай, шабуылда да әріптестерінің гол соғуына мүмкіндік жасап, өзі де гол соқты.

Шабуылшылар – Ибраһим ЕРЕНҒАЙЫП (Qazaq radiolary) пен Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)

«Еуразия+ОРТ» қақпасына 11 гол соққан Ибраһим Еренғайып сұрмергендер тізімінде Нұрсұлтан Қабылбекке жақындап қалды. Иә, бүгінде «Qazaq radiolary» командасының шабуылын бұл ойыншысыз елестету қиын. Тіпті, оның қайтадан Америкаға кетіп қалуын да тілеп жүргендер бар.

«Қазмедиамен» болған ойыннан кейін «Егемен Қазақстан» командасының қорғаушылары бір күн бойы денелерін көтере алмай жүрді. Бәріне кінәлі Құмарбек Азат. Покердің авторы атанған жазғы маусымның үздік сұрмергені «егемендіктердің» алғашқы жеңілісіне себепкер болды.

Резерв:

Қақпашы: Нұржан ТҮЗЕЛБЕК (Хабар).

Қорғаушылар: Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар), Александр ОЛЕЙНИК (Астана TV).

Шабуылшылар: Махамбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (Спорт 59), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар).

Журналистер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here