Астана футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтіп, BAQ league-ның 3-ші тур ойындарына байланысты бірқатар шешімдер шығарылды.
Егемен Қазақстан – Спорт 59
АФФ Тәртіптік Регламентіне сәйкес, матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Егемен Қазақстан» командасына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.
Шешім 2018 жылдың 15 наурызынан бастап күшіне енеді.
Хабар 24 – Қазмедиа
АФФ Тәртіптік Регламентіне сәйкес, матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Қазмедиа» командасына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.
Шешім 2018 жылдың 15 наурызынан бастап күшіне енеді.
Асыл арна – ДИАП Qazaqstan
Астана футбол федерациясы Тәртіптік регламентінің 8-ші бабындағы 9-шы пункті бойынша ойынға «кірме ойыншыны» қатыстырғаны үшін «Асыл арна» командасына 0:5 есебімен техникалық есеп жазылып, «ДИАП Qazaqstan» командасына 5:0 есебімен техникалық жеңіс жазылды. Осы матчта соғылған голдар мен ескерту қағаздары есепке алынбайды.
Шешім 2018 жылдың 15 наурызынан бастап күшіне енеді.