Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
Кеше Журналистер лигасының 3-ші туры кезінде BAQ league-ның ұйымдастыру комитеті және «Qazsport» телеарнасы Дания Абдилованы туған күнімен құттықтады.
Бүгінде еліміздің басты спорт арнасы «Qazsport» телеарнасында қызмет ететін Дания әріптесіміз кезінде өзі де кәсіпқой деңгейде футбол ойнаған. Журналистер лигасының былтырғы маусымында «Qazsport» командасын алаңға капитан ретінде бастап шыққан. Одан кейін тұрмыс құрып, қазір ана атануға дайындалып жүр. Журналистер лигасынан да алыстап кеткен жоқ. Үшінші маусымның хронометрисі қызметін атқарады.
Біз Дания Абдилованы туған күнімен тағы да шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасылық бақыт тілейміз! Аяқ-қолын бауырына алып, өмірге дені сау нәресте әкелуіне тілектеспіз!
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.