Мәди Манатбек – “BAQ league”-ға қол ұшымды беруге әрдайым дайынмын

0
480
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Кеше Астанада футболдан Қазақстан журналистер лигасының үшінші маусымы басталды. Үш айға созылатын чемпионатқа 14 команда қатысып жатыр. Жаңа маусымның ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқан республикалық «Qazaq Radiolary» ЖШС директоры, танымал журналист Мәди Манатбекті әңгімеге тартқан едік.

– Мәди аға, осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған журналистер лигасынан не күтесіз?

–  Ешкім сайысқа келгенде жеңіліп қалайын деп келмейді ғой. Бәрінің арманы – тек жеңу, жеңімпаз болу. Бұған қоса әр мекемеде футболға, волейболға деген жаны құмар осындай адамдар болу керек. Мұның бәрі айналып келгенде денсаулық, салауатты өмір салты. Спортқа жақын топтар өздерімен бірге басшылықтарын да спортқа итермелейді. Мұндай жарыстар сонысымен де қызық. Сондықтан мені осындай жерге тартып, қатыстырып жатқан командама ризамын. Енді мен өзім аса жақын емеспін. Бірақ волейболды жақсы көремін.

Ал сіз басқарып ұжымның атынан қатысып жатқан «Qazaq Radiolary» командасының биылғы маусымдағы мақсаты қандай?

– Енді біз жыл сайын жақсы нәтижеге жетеміз деп соңында ғана сүрініп кетіп жатырмыз. Сол себепті арық сөйлеп, семіз шыққымыз келеді. Дегенмен биылғы мақсатымыз – үздік үштікке ену.

– Жаңа маусымға қандай тілегіңіз бар?

– Енді әрине журналист десе аяғын тозып жүрген адамдарды көреміз. Мұның бәрі айналып келгенде басшылыққа байланысты. Мен өзім «Қазақ радиосы» болсын, БАҚ Лига болсын немесе басқа спорт болсын қол ұшымды беруге әрдайым дайынмын.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here