Журналистер лигасының үшінші маусымы басталды

0
193
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Елордамызда футзалдан БАҚ өкілдері арасындағы біріншіліктің үшінші маусымы басталды. Астана футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жобаға бұл жолы 14 команда қатысуға өтініш білдіріп, бірінші тур ойындары өтіп те кетті.

Ұзақ күттіріп, қысты ұзатып барып басталған BAQ league-ның бұл жолғы маусымында төрт жаңа команда бар. Әзірге олардың біріншілікке бой үйрете алмай жатқаны байқалады. Тағы екі-үш турдан кейін бұлардың да фавориттерден ұпай тартып алуға шамалары жетері анық. Ал әзірге бірінші турда ұпай ала алған дебютант – «Qazaqinfo.kz». Өткен маусымда үздіктердің бірі болған «Хабар 24» командасын 6:4 есебімен ұтқан олар алғашқы сынақтан мүдірмей өтті.

Сондай-ақ, бірінші турда «Қазспорт», «Спорт 59», «Егемен Қазақстан», «Қазақ радиолары», «Егемен Қазақстан» және «Хабар» үш ұпайдан алды. Соңғылары бірінші турдың орталық ойынын өткізген. «Астана» телеарнасымен кездесіп, 7:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалпы, маусымның енді ғана басталғанын ескерсек, турнир кестесі әлі талай өзгеретін секілді. Кез келген команда бір-бірінен ұпай алуға дайын. Сондықтан, бірінші турда жеңіліп қалғандарда да өз жағдайларын түзеп алуға әлі талай мүмкіндік болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here