Ақпанның 24-і шағын футболдан Қазақстан Журналистер лигасының үшінші маусымы басталады. Үш айға созылатын біріншілікке дәл қазір командалардан өтініштер қабылдау маусымы жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, BAQ league додасының бірінші маусымы 2016 жылдың желтоқсанында басталған. Барлығы 11 команда қатысқан. «Хабар» телеарнасы чемпион атанса, екінші орынды «Қазақ радиосы» еншілеп, үздік үштіктен Sportsffa.kz сайты көрінген. Екінші маусым былтыр жазда өтті. «Тарлан-Арена» алаңында өткен біріншілікке 14 команда қатысып, бас жүлдені тағы да «хабарлықтар» жеңіп алған. Екінші орынға «Elorda aqparat» агенттігі кіріп, «Астана» телеарнасы қола жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, жазғы маусымда Журналистер кубогы да өтіп, финалда Астана спорт журналистері қауымдастығының «Жеңіс» командасын ұтқан «Хабар» алтын дуплет жасаған.
Енді үшінші маусымның да кезегі келіп қалды. Ойындар «Инфинити» спорт кешенінде әр сенбі сайын өтеді. Маусым 19 мамырға дейін жалғасады. Өтініштер қабылдау науқаны 19 ақпанға дейін жүреді.
Байланыс нөмірі: +7 777 734 88 10 (Әзиз Жұмаділ)
e-mail: baqleague@gmail.com