Новости

(Қазақша) Dream team-VII season. Маусымның таңдаулы командасы түзілді

Маусымды қорытындылауды жалғастырамыз. Бұл жолы назарларыңызға VII маусымның қорытындысы бойынша түзілген «А» лигасының таңдаулы құрамын ұсынбақпыз.

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қақпашы – Алексей ЕФИМЕНКО (Астана ТВ)

Таңдаулы команданың қақпасын Алексей Ефименко күзетер еді. Биыл «Астана ТВ» голкиперінде бір ғана лайықты бәсекелес болды. Ол – Айбек Қабылша. Қос қақпашыны салыстырар болсақ, «Хабар» биыл қақпасына ең аз гол жіберген команда. Дегенмен олардың қорғанысы да мықты болды. Сондықтан, бұл пункті қарастырудың аса қажеттілігі жоқ шығар. Ал капитандар арасындағы сауалнамада Алексей 8 баллға озып кетті. Таңдаулы команданың негізгі құрамына да 4 рет еніпті. Рас, Айбек таңдаулы командадан 6 рет орын алған. Бірақ екі-ақ рет негізгі құрамға кірген. Жалпы, қос мықты да маусымның таңдаулы командасында. Бір-бірін алмастырып ойнай алады деген ойдамыз.

Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary)

Нұрсұлтан Құрмансыз «Хабардың» ойыны қандай болатынын «Қазмедиаға» қарсы бірінші айналымдағы ойында көрдік. «В» лигасынан енді ғана келген команданы бір гол айырмашылығымен әзер жеңген болатын. Ал маусымның маңызды ойындарында Нұрсұлтан тізгінді өз қолына алып, «Астана ТВ», «Спорт 59» сияқты салмақты командаларды жеңуге ерен еңбегін сіңірді. Сондай-ақ капитандар арасында жүргізілген сауалнамада 2-ші орынды иемденді.

Егер осы қарқынынан таймай, командасымен бірге жеңісті жолдарды жалғастыра берер болса, жақын болашақта Назар Найзабекұлының БАҚ лиганың үздік ойыншысы болғанын да көретін шығармыз. «Хабардың» гегемониясына да нүкте қоюға қабілетті бірден-бір ойыншы осы – Назар. Бұл маусымда «Qazaq radiolary»-ның ойыншысы 8 рет таңдаулы командаға енген. Оның жетеуінде негізгі құрамнан орын алды. Сондай-ақ, капитандар арасындағы сауалнамада үш ұпайлық 17 дауыстың 13-іне қол жеткізіп, Үздік қорғаушы атанды. Бұл да БАҚ лигадағы өзіндік рекордтардың бірі. Бұған дейін бірде-бір ойыншыны ешкім бұлайша мойындамаған еді.

Ал резервке Ершат Қожатаев пен Ербол Кенжебаевты қойдық. Екеуінің де командалары үшін еңбектері ерен. Айтпақшы, бұған дейін қатарынан бес маусым үздік қорғаушы болып келген Ершатқа енді өз атағын қайтару үшін біраз тер төгу қажет шығар.

Шабуылшылар – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа) пен Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар)

Әлішер Келгенбайдың таңдаулы команданың негізгі құрамынан орын алуы ешкімнің де дауын тудырмайтын шығар. Үздік ойыншы атанды, үздік сұрмерген мен үздік шабуылшы да сол. Маусым бойына 8 рет таңдаулы командадан орын алып, оның жартысында негізгі құрамнан көрінді. Жалпы, дәл қазір Әлішер БАҚ лиганың басты жұлдызы болып тұр.

Ал оның шабуылдағы серіктесі ретінде таңдаудың неліктен Құмарбек Азатқа түскенін дәлелдей кетейік. Әлбетте, Жандос Манашевқа да бүйрек бұрғанбыз. Қанша дегенмен, капитандар арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша екінші орыннан көрініп, Құмарбектің алдын орап кеткен. Дегенмен басқа да факторларды ескере келе таңдау «Қазмедиа» шабуылшысыеа түсті. Мәселен, биыл Құмарбекке үздік сұрмерген атану үшін бар болғаны 2 гол жетпей қалды. Егер бастапқы ойындарда барын сала ойнағанда бұл номинацияға да қол жеткізуге болар еді. Сонымен қатар, үздік ойыншы номинациясында Әлішер Келгенбай мен Назар Найзабекұлынан кейінгі 3-ші орынды иемденді. Сондай-ақ, маусым бойына таңдаулы командадан 6 рет орын алыпты.

Резервке Жандос Манашев пен Нұрсұлтан Қабылбекті қойдық. Жандостың жақсы жақтарын айттық. Ал Қабылбек биыл ассистенттігімен танылды. Бұрын эгоист көрінетін шабуылшы биыл капитандық міндетті арқалаған кейін бе, әйтеуір өзін ғана емес, командасын да көбірек ойлайтын болған. Әлішер Келгенбайдың да үздік сұрмерген атануына бірден-бір себепкер дәл осы Нұрсұлтан шығар.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close
Today, 22:30
VIP Press 0 7SU news 0
Today, 23:00
Taldy Paris 0 Sport Media 0
Today, 23:30
Qalamger 0 BAQ United 0
Tomorrow, 22:00
Sport Media 0 VIP Press 0
Tomorrow, 22:30
BAQ United 0 Taldy Paris 0
Tomorrow, 23:30
7SU news 0 Qalamger 0
03/06/2020 22:00
VIP Press 0 BAQ United 0