Новости

(Қазақша) “В” лигасының “таңдаусыз” құрамы жасалды

Негізі, бұл құрамға ілігудің өзі үлкен абырой. Демек, маусым алдында командаң саған үміт артты, сенді деген сөз. Дегенмен, біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз, өкінішке қарай, биыл өздеріне артылған жауапкершілікті лайықты деңгейде көтере алған жоқ.

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ендеше, назарларыңызға Журналистер біріншілігінің қорытындысы бойынша «В» лигасының үміт ақтамаған үздіктер құрамын таныстырамыз.

Қақпашы – Әнуар ҚҰРМАНБАЕВ (National Geographic Qazaqstan)

Кім біледі, егер жарақаттары болмағанда «National Geographic Qazaqstan» командасы «В» лигасының екінші кезеңін сәтті өткізіп, «А» лигасына жолдама алуға шамасы жетер ме еді?.. Бірақ, сау кезінен гөрі жарақаттанған кезі көп болып, маусымның тең жартысында командасына қақпашы ретінде көмектесе алған жоқ.

Қорғаушылар – Ермек КЕНШІМБЕК (Қаламгер) пен Всеволод ХВАН (Aiqyn-Литер)

Маусымды тамаша бастағанымен «Қаламгер» қорғаушысы біріншіліктің екінші жартысын ала-құла өткізіп, ақырындап негізгі құрамдағы орнынан да айрылды. Кейін шабуыл шебінде ойнап көргенімен алғы шепте де береке таппады. Бәлкім, келесі маусымда бабына келер?..

«Aiqyn-Литер» командасын үкілеп БАҚ лигаға бастап шыққан Всеволод Хванға биылғы маусым оңай тиген жоқ. Әлі де көп шаруа атқаруы қажет сияқты. Ең бастысы, Всеволод үшін бұл үлкен тәжірибе болды. Енді содан сабақ алып, келесі маусымда қателік жібермесе болғаны…

Жартылай қорғаушы – Асқар МҰХТАРОВ (Мазмұндама)

Таңдаулы команданың қосалқы құрамынан орын алған Асқар Мұхтаров үміт ақтамаған үздіктер сапынан да көрініп отыр. Бұл бекер емес. Оған үлкен үміт артылды. Рас, барынша тырысты. Бірақ, ол өз деңгейінде ойнаған жоқ. Біз білетін Асқардың әлеуеті бұдан да жоғары.

Шабуылшылар – Мағжан ЖҰМАБАЕВ (№1 Sportchannel) пен Мұхамедәлі БОЛАТҰЛЫ (Qsport.kz)

«QAZSPORT» телеарнасының аясында «№1 Sportchannel» командасы құрылады дегенде көпшілігі бұларды бірден «В» лигасының фавориттері санатына жатқызған. Команда көшбасшыларының бірі Мағжан Жұмабаев болуы тиіс-тін. Алайда, суға кеткен кемеден алғашқылардың бірі болып қашып шыққан Мағжан болды.

Біз білетін Мұхамедәлі Болатұлының әлеуеті бұдан жоғары. Бәлкім, биыл бабында болмады ма, әлде командасына аса үйренісе алмады ма, әйтеуір ойыны жүре қойған жоқ. Бір жағынан команда жетекшілері тарапынан сенбестік те байқалды. Әйтпесе, Мұхамедәлі өз мықтылығын әлдеқашан дәлелдеп қойған шабуылшы.

Резерв:

Қақпашы – Кирилл ПЯРТЕЛЬ (Мазмұндама).

Қорғаушылар – Әлібек МІРҚАСЫМОВ (Қазмедиа В), Диар ЫДЫРЫС (Kazaknews.kz).

Жартылай қорғаушы – Талғат ҚАЙЫРГЕЛДИН (National Geographic Qazaqstan).

Шабуылшылар – Мәди ЫСҚАҚОВ (Мазмұндама/Спорт 59), Әзиз ЖҰМАДІЛ (Мазмұндама).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close
No matches