Новости

(Қазақша) “БАҚ өкілдері арасындағы ҚР Президентінің кубогы” турнирінің қорытындысы

ҚР Конституциясы күніне орай елімізде тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы өтті. Басты стадионымыз «Астана Аренада» өткен турнирге еліміздің 11 аймағынан 25 команда қатысып, жүлде қоры 3,5 миллион теңгені құраған дүбірлі додада «Хабар» командасы бас жүлдені жеңіп алды.

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Таңәлекеуімнен қас қарайғанша доп тепкен журналистерге турнирдің ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, турнирден бір күн бұрын өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша 25 команда алты топқа бөлінген болатын. Арасынан суырылып, ақтық сынға дейін «Хабар» және осы бәсекедегі сенсацияның авторы «QAZSPORT» командасы жолдама алды. Матч бірден қарқынды басталып, Әлішер Келгенбай соққан дубльдің арқасында «хабарлықтар» 2:0 есебімен алға шыққан. Алайда, спорттық арнаның қызметкерлері де қарап қалмай, таразы басын теңестіріп үлгерді. Осылайша текетіреске толы матч шарықтау шегіне жетіп, пенальти сериясына да жақындап қалған. Бірақ, ойынның соңына қарай Әлішер Келгенбай тізгінді қайта өз қолына алып, командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 5:2, – «Хабар» БАҚ өкілдері арасында тұңғыш рет өткен ҚР Президентінің кубогын жеңіп алды. Мұнымен қоса, 1 500 000 теңгенің сертификатын да қанжығаларына байлады. Күмісті қанағат қылған «QAZSPORT» 700 мың теңгенің сертификатына ие болса, үшінші орын үшін өткен кездесуде «Егемен Қазақстан» газетінің командасынан басым түскен «Хабар 24» журналистері қола жүлдемен қоса 300 мың теңгенің сертификатына қол жеткізді.

Бұдан бөлек, Ұйымдастыру комитеті жекелей номинациялар бойынша турнирдің үздіктерін де марапаттады. Бір қызығы, командалық жүлделердің барлығын астаналықтар жеңіп алғанымен жекелей номинациялардың басым бөлігі аймақтардағы әріптестерге бұйырып, әрқайсысы 100 мың теңгенің сертификатына ие болды.

“ҚР Президентінің кубогы” турнирінің үздіктері

Үздік сұрмерген – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар),

Үздік қақпашы – Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН (Егемен Қазақстан),

Үздік қорғаушы – Мақсат СЕРЖАН (Түркістан),

Үздік шабуылшы – Әділбек ЖАҚАНОВ (Қызылорда),

Үздік ойыншы – Нұржан ТУҒАНБАЙ (Тараз).

«ҚР Президентінің кубогы» турнирінің хаттамасы

«А» тобы:

Жетісу – NGQ 1:1

Голдар: Алмас Мырзахметов – Бекзат Сайназар.

Ақмешіт – Еуразия+ОРТ 2:0

Голдар: Әділбек Жақанов, Талант Айымбетов.

Жетісу – ҚР Президентінің Баспасөз қызметі 1:2

Голдар: Азамат Шедімбай – Дидар Сыдықбек – 2.

Ақмешіт – ҚР Президентінің Баспасөз қызметі 2:3

Голдар: Әділбек Жақанов-2 – Дидар Сыдықбек, Марлен Мухамадиев, Берік Уәли.

Жетісу – Еуразия+ОРТ 2:2

Голдар: Алмас Мырзахметов, Азамат Шедімбай – Жасқанат Аманжолов, Ерден Құспанов.

Ақмешіт – NGQ 0:1

Гол: Бекзат Сайназар.

Ақмешіт – Жетісу 1:1

Голдар: Әділбек Жақанов – Алмас Мырзахметов.

NGQ – ҚР Президентінің Баспасөз қызметі 0:1

Гол: Марлен Мухамадиев.

NGQ – Еуразия+ОРТ 0:1

Гол: Ерден Құспанов.

ҚР Президентінің Баспасөз қызметі – Еуразия+ОРТ 2:1

Голдар: Бағдәулет Ерғали-2 – Дидар Сыдықбек.

«В» тобы:

Хабар – Түркістан 1:0

Гол: Нұрсұлтан Қабылбек.

Aiqyn-Литер – Егемен Қазақстан 1:2

Голдар: Елбол Каримов – Бекболат Әбдікерім, Мұстафа Алмасұлы.

Түркістан – Егемен Қазақстан 2:3

Голдар: Мақсат Сержан, Ғасыр Құралбайұлы – Еркебұлан Алдаберген-2, Төлеубек Қадырмолла.

Түркістан – Aiqyn-Литер 1:0

Гол: Нұрсұлтан Мұсаев.

Хабар – Егемен Қазақстан 0:1

Гол: Бекболат Әбдікерім.

Хабар – Aiqyn-Литер 4:1

Гол: Әлішер Келгенбай-2, Нұрсұлтан Қабылбек, Олжас Күлтешов – Әлішер Мұқажан.

«С» тобы:

Хабар 24 – Qazsport 0:1

Гол: Ратмир Әубәкір.

Kazaknews.kz – Қызылжар 0:3

Голдар: Айдарбек Балғабеков-3.

Хабар 24 – Қызылжар 0:0

Qazsport – Kazaknews 0:0

Хабар 24 – Kazaknews.kz 2:0

Голдар: Марат Тукатов, Хасан Ташенов.

Qazsport – Қызылжар 1:1

Голдар: Эльдар Аманбаев – Абай Әлжанов

«D» тобы:

Ел арна – Шымкент 2:0

Голдар: Сергей Надточей, Төреби Нұрланов.

Шымкент – Qazaq radiolary 0:3 (техникалық есеп)

Ел арна – Атамекен business 2:0

Голдар: Бақытжан Масақов, Абдулла Төкенов.

Шымкент – Атамекен business 1:0

Гол: Сапарғали Қанат.

Атамекен business – Qazaq radiolary 2:0

Голдар: Әнуар Қарбозов-2.

Ел арна – Qazaq radiolary 0:0

«Е» тобы:

Қазмедиа орталығы – Қазақ спорты 3:0

Голдар: Марғұлан Ибраев-2, Нұрбол Тұрсынбаев.

Өскемен – Тараз 0:0

Қазмедиа орталығы – Өскемен 2:1

Голдар: Нұрбол Тұрсынбаев, Құмарбек Азат – Серік Әбілханов.

Қазақ спорты – Өскемен 1:0

Гол: Николай Кружальский.

Қазмедиа орталығы – Тараз 1:1

Голдар: Құмарбек Азат – Нұржан Туғанбай.

Қазақ спорты – Тараз 1:4

Голдар: Николай Кружальский – Нұржан Туғанбай-4.

«F» тобы:

Qsport.kz – Elorda Aqparat 0:1

Гол: Назар Найзабекұлы.

Elorda Aqparat – Ақжайық 4:0

Голдар: Бексаттар Саттар-2, Айбек Рахымов, Жандос Манашев.

Aport – Ақжайық 1:0

Гол: Орынбек Өтесінов.

Elorda Aqparat – Aport 4:1

Голдар: Бексаттар Саттар-2, Айбек Рахымов, Назар Найзабекұлы – Дархан Келбетов.

Qsport.kz – Ақжайық 2:1

Голдар: Азамат Смағұлов, Нияз Маштай – Ержол Наурызғалиев.

Qsport.kz – Aport 1:2

Голдар: Нияз Маштай – Ермек Төрениязов, Оңғар Қабденов.

1/8-финал:

Еуразия+Орт – Qazsport 0:1

Гол: Эльдар Аманбаев.

Ел арна – Qsport.kz  3:0

Голдар: Ер-Ұлан Нұрланов, Абылай Тұрлыбеков, Бақытжан Масақов.

Егемен Қазақстан – Түркістан  1:0

Гол: Бекболат Әбдікерім.

Elorda Aqparat – Тараз  0:0, пен-4:3

Қызылжар – Хабар 24  0:0, пен-3:4

Қазмедиа орталығы – Qazaq radiolary  0:1

Гол: Дәурен Жолдасов.

ҚР Президентінің Баспасөз қызметі – NGQ  2:0

Голдар: Берік Уәли, Дидар Сыдықбек.

Хабар – Aport 3:1

Голдар: Нұрсұлтан Құрман, Әлішер Келгенбай, Нұрсұлтан Қабылбек – Мәулен Тәжібай.

Ширек финал:

Qazsport – Еларна 3:3, пен-3:2

Голдар: Мағжан Жұмабаев-2, Эльдар Аманбаев – Бақытжан Масақов-2, Абдулла Төкенов.

Егемен Қазақстан – Elorda Aqparat 0:0, пен-2:0

ҚР Президентінің Баспасөз қызметі – Хабар 1:2

Голдар: Берік Уәли – Нұрсұлтан Қабылбек, Әлішер Келгенбай.

Хабар 24 – Qazaq radiolary 2:0

Голдар: Шыңғыс Мұса, Нұрахмет Бектұрғанов.

Жартылай финал:

Qazsport – Егемен Қазақстан 1:0

Гол: Ратмир Әубәкір.

Хабар – Хабар 24 1:0

Гол: Әлішер Келгенбай.

Үшінші орын үшін:

Егемен Қазақстан – Хабар 24 0:1

Гол: Шыңғыс Мұса.

Финал:

Qazsport – Хабар 2:5

Голдар: Ратмир Әубәкір-2 – Әлішер Келгенбай-4, Нұрсұлтан Қабылбек.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close
No matches